168 отбасы баспаналы болды

Бүгін 168 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Облыс әкімі Амандық Баталов пәтер кілтін табыстап, қуаныш иелерін құттықтады. Сонымен қатар, Талдықорғанға арнайы іс сапармен келген Қазақстан тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова да баспаналы болғандар шаттығына ортақтасты.



Алматы облысы Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің көмегіне үміт артатындардың көшбасында тұр. Бүгінде облыстың 43 мыңға жуық адамы аталған банктің салымшысы. Бүгін кезегі жеткендер үлкен қуанышқа кенелді. 168 отбасы облыс әкімі мен банктің басқарма төрайымының қолынан пәтер кілттерін алды. Қуаныш иелерінің қатарында жас отбасы, дәрігерлер мен оқытушылар және құқық қорғау саласы мен банк қызметкерлері бар. Бір сөзбен айтқанда, қалтасы қалың емес, орташа табыс иелері. Көбі кезінде тұрғын-үй құрылыс банкіне сеніп ақша салып, арманы осылайша тез орындалатынына сенбегенін айтады.    

РАЙГҮЛ ЖЕЛДІБАЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Салымшылардың  24 мыңы облыс орталығынан өзге аудан тұрғындары. Бұл елдегі өзге аймақтармен салыстырғанда үлкен көрсеткіш дейді басқарма басшысы Ләззат Еркінқызы. Бұл өз кезегінде банк пен облыс басшылығы арасындағы тұрақты байланыс қана емес, тұтастай өңірдің даму қарқынын көрсетіп отыр. Сол себепті, банк өкілдері облыстағы тұрғын үй құрылысына ерекше ден қойып, аймақтағы шағын қалаларда тұрғын үй құрылысын жандандырмақшы.

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА "ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫН-ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ перевод
Шағын қалалардағы тұрғын үйдің құрылысына ерекше мән беріп отырмыз. Себебі, Алматы облысында адам саны көп, шағын қалалар да жеткілікті. Алғашқы Нұрлы жер бағдарламасымен салынған тұрғын үй Қаскелеңде, биыл қолданысқа беріледі. Жалпы, облыс орталығы ғана емес, барлық аудандар осындай үйлермен қамтылады. Алматы облысы қазір тұруға қолайлы, көрікті жер. Сондықтан болар мұнда қоныс теуіп тұрғысы келетіндердің саны жетерлік.

Салымшылардан бөлек пәтер кілтін көптен күткен кезекте тұрғандар да алды. Облыс басшысы оларды құттықтап, пәтерлерді аралап көрді, құрылыстың сапасына да баға берді. Осындай тұрғын үйді салған мердігер мекеме өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарған екен. Жалпы, пәтердің әр шаршы метрі 140 мың теңгеге бағаланған.

ҚАРЛЫҒАШ ЫСҚАҚОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Сондай-ақ , басқарма төрайымын мен облыс әкімі Амандық Баталов көпқабатты үйлерден бөлек өңірдегі жеке тұрғын үйлердің құрылысына ерекше мән беріп отыр. Соның негізінде Талдықорғанда  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  2 қабатты 607 коттедж  салынбақ. Облыс әкімдігі арнайы 100 гектар жер де бөліп қойған. Қос тарап бүгін жеке тұрғын үй құрылысына қатысты мемарандумға қол қойды.

Жалпы, қыркүйек айында бүгінгі қуаныш иелерімен қоса, тағы да 64 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Ал, жыл соңына дейін қосымша 600 отбасы баспанамен қамтылмақ.
Ербол Ілиясов  Айбек  Ақшолақов  Жетісу арнасы

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.