Елбасы Алматы облысында

Бүгін Алматы облысына бейресми сапармен Елбасы Н.Ә. Назарбаев келіп қайтты. Елбасы Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округінде таяуда ғана ашылған "Батыр бабаларға тағзым" мемориалдық кешенінде болды. Нысан Алматы облысы әкімінің ұйытқы болуымен жетісулық меценаттардың жеке қаражатына тұрғызылған. Сақ дәуірінен Алаш Орда үкіметі құрылуына дейінгі және Тәуелсіздік кезеңін қамтыған. Мұражай 3 үлкен экспозициялық бөлімнен тұрады. Мақсаты - аты айтып тұрғандай ұлт тарихында айтулы рөл атқарған тұлғаларға тағзым. Мұражай Алматыдан 26 шақырым жерде, Алматы-Жандосов трассасы бойында орын  тепкен. Мемориалдық кешен құрылысына 21 млн  тг жұмсалған. Рухани жаңғыру аясында жүзеге асқан жоба ұрпақты өткенді ұлықтауға тәрбиелеуімен құнды. Елбасы Мұражайда Жетісулық беделді қарттармен, белсенді жастармен кездесті. Ортақ әңгімеге қазақстанның әлемдік беделі, қоғам санасын рухани жаңғырту тақырыптары арқау болды.   Кездесу соңында мемлекет басшысы Жетісу жерінде атқарылып жатқан барлық істерге ризашылығын білдірді. Облыс әкімі Амандық Батталовты ел алдында мақтап, мерейін өсірді.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.