Елімізде

 Асығыңыздар! Құжат қабылдау мерзімінің аяқталуына небәрі 12 күн қалды. Биыл колледждерден кейін және өткен жылдары ЖОО -на түсе алмай қалған түлектер үшін өтетін кешенді тест сынақтарының мерзімі өзгертілді. КТА тапсырушылардың дені бұл жаңалықтан нашар құлақтанған сынды. Бүгінге ЖМУ-нің қабылдау комиссиясына бар-жоғы 36 абитуриент құжат өткізіпті. Осыған орай, тағы да естеріңізге…
Ұлы жібек жолы жанданды. Бүгін Қазақстан мен Қытай тарапы бір мезетте бір біріне жүк пойызын жөнелтті. Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатындағы шараға телекөпір арқылы қос мемлекеттік басшылары қатысты. Алматы облысының Панфилов ауданындағы Қорғас шығыс қақпасы арнайы экономикалық аймағында өткен тарихи оқиғаға облыс әкімі Амандық Баталовта куә болып қайтты.
Аймақаралық ынтымақтастық - өркендеу өрісін кеңейтудің тиімді тетігі. Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстары ортақ құны 20 млрд теңгеден асатын 9 меморандумға қол қойысты. Бұл Амандық Баталов бастаған Жетісулық делегацияның көрші өңірге жасаған 2 күндік сапарының жемісі. Екі жақты келісім-шарттар экономика, әлеумет, қоғамдық және мәдени-спорттық салаларды қамтиды. Шығыс Қазақстан -…
Талдықорғандық зілтемірші Альберт Линдер Азия чемпионы атанды. Түркменстан атанасы Ашхабадта өтіп жатқан кұрлықтық бәсекеде жерлесіміз ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Альберт Линдер 69 келі салмақта өнер көрсеткен еді. Алғашқы жаттығуда 148 келіні еңсеріп, екінші орыннан көрінген болатын, ал серпе көтеру сайысында 187 келі салмақты бағындырып, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша қос…
Елімізде қылмыстық кодекстің жиырма бір бабы бойынша азаматтықтан айыру жазасы қолданылатын болды. Бүгін Үкімет "Кейбір заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру туралы" заң жобасын мақұлдады. Президенттің Жарлығын орындау мақсатында әзірленген. құжатты конституцияға сәйкес келтіру үшін жеті кодекс пен қырық алты заңға өзгерістер енгізу қажет болған. Осылайша қылмыстық кодекстің жиырма бір бабында қосымша…
 Өткен жылы Алматы облысында 16 адам құжатсыз жерге құрылыс бастаған. Олардың ісі сотта қаралып, кінәлілерге 4 млн теңгеден аса айыппұл салынған. Ал, биыл Талдықорғанда жер телімін өз бетімен иемдену оқиғасы тіркелген. Заңды бұзған азамат жауапқа тартылған. Бұл туралы "Жерді заңсыз басып алуға жол жоқ!" тақырыбында өткен жиында айтылды. Алматыдағы басқосуға…
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" енді шот ашу тегін жүргізіледі. Бұған дейін банк салымшылары бұл жүйені ақылы жүзеге асырған. Мәселен, 4 млн теңгеге шот ашса, 20 мың теңге комиссия төлейтін. Қазір шарт жасау және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі 0 теңге болып бекітілді. Бұдан бөлек, енді мемлекеттік және…
"Театр-өмірдің айнасы". Бүгін халықаралық театр күніне орай Бикен Римова атындағы драма театрда «Көктем шуағы» атты салтанатты шара өтті. Талдықорғандағы театр тарландарын қалың жұрт ерекше қошеметпен күтіп алды. Голливудтағы жұлдыздардай актерлар лимузинмен келіп, қызыл кілеммен жүріп өтті. «Театр киім ілгіштен басталады» деген тәмсіл бар. Бұл қойылым тамашалауға келетін көрермен мәдениеті туралы…
Страница 1 из 6

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.