Ата-аналарға арналған мектеп ашылды

10 января 2017
(0 голосов)

Зейнеткер Мәжіліс депутатына дәрі-дәрмек бағасына мемлекеттік бақылауды күшейту туралы пікірін айтты. Шүйкебай Байғалиқызы өз ойын төменгі палата өкілі Амангелді Дәуренбаев өткізген қоғамдық қабылдауда жеткізді. Қария зейнеткер мен ардагер және мүгедектер үшін муниципалды дәріхана ашу қажет деп санайды. Халық қалаулысына сонымен қатар талдықорғандық бірнеше азамат сұрақтарын қойып, кеңес алды.

Өндірістік тәжірибеден өту- әр бір студенттің басында бар жағдай. Бірақ оларға сол уақытта ешқандай ақша төленбейді, не еткен еңбегі, көрсеткен қызметі еңбек кітапшасына жазылмайды. Осыны ойластыратын уақыт келді дейді Жанат Сәрікенов. Ұстаз осы ойын мәжіліс депутатына түсінідіріп айтты. Бұл жас маманның болашақта тез жұмыс тауып кетуіне үлкен көмегін тигізеді екен.  

Ал, Шүйкебай Байғалиқызын дәрі-дәрмек бағасы алаңдатады. Бұл өзі сияқты қарттардың  ортақ мәселесі. Ол үкімет зейнетақыны жыл сайын көтергенімен мына жақтан дәрі-дәрмектің де бағасы шарықтап кететіне қапалы. Тағы бір қиындық дәрігердің жазып берген дәрісін іздеп сандалатын да кездер көп екенін жасырмайды. Зейнеткер депутатқа осыны шешудің жолын қарастыру қежет деп ұсыныс айтты.  

Егер мемлекет осы мәселені толығымен шешсе зейнеткерлердің басты уайымнан арылар еді дейді Шүйкебай апа. Депутат Амангелді Дәуренбаевта қарт кісілерге қандай жеңілдік жасасада жарасатынын айтады.  Ал, дәрі-дәрмек мәселесінде оны жасап шығару өндірісін дамыту өзекті деп санайды.  

Қоғамдық қабылдауға бұдан өзге мүгедек азаматтар да келді. Жұмысқа тұру, медициналық тексерістің қиындығы туралы депутатқа арыз-шағымдарын айтты. Төменгі палата өкілі әрбірін мұқият тыңдап, кеңесін берді. Амангелді Дәуренбаевтың жұмыс сапары енді Көксу, Алакөл, Кербұлақ аудандарында жалғасады.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.