Ауған соғысының аяқталғанына - 28 жыл

16 февраля 2017
(0 голосов)

Бүгін  Кеңес  әскерінің Ауған  жерінен шығарылғанына  28 жыл толды. 10 жылға созылған соғысқа 22 мыңнан аса  отандасымыз  қатысты.  Солардың   мыңға жуығы   жат жерде жан тәсілім етсе, жиырмадан астамы із түссіз жоғалғандар тізімінде. Атаулы күнге орай  Жетісулық  ауған  ардагерлері  интернационалдық борышын өтеу барысында қайтыс  болған  қаруластарын еске алды.  

Салтанатты шеруде  сап түзеп келе жатқан ауған соғысының ардагерлері сырт көзге сыр бермейді. Дегенмен әрқайсысының  көзінде мұң, жүрегінде жазылмас жара бар.   Өйткені, қанқұйлы соғыс олардың жастығын ұрлады. Қандыкөйлек достарынан айрылды, денсаулығын берді.  Бүгінгі жиын жат жерде жан тапсырған боздақтарды еске алумен басталды. ҰОС арналған "Даңқ"  обелискісі мен  ауған ардагерлерінің ескерткішіне гүл қойылды. Қахармандар құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Ауған соғысына алматы облысынан 4 мыңға жуық сарбаз аттанған. Солардың 120-сы отанына қара табытпен оралды. Жарақат алып, жарымжан болып келгендері де бар. Десе де  Жетісулық сарбаздар әскери борышын адал өтеп,  ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Қызыл жұлдыз орденінің иеленгендер де жетерлік. Елге  аман есен  қайтқандар бүгінде өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде сүбелі үлес қосып жүр.  

Соғыс аяқталғанына ширек ғасырдан асса да ауған ардагерлері соғыс зардабынан  толыққанды айыға қойған жоқ. Санаға  салған ауыртпалық пен дене жарақатының да  азабын  тартып келеді. Сондықтан ауғандықтар өз  статусын ҰОС ардагерлерімен теңестірсе  дегенді айтады. Дегенмен,  жәрдемақының көтерілгені де көңілге медеу.

Атаулы күн 54/380 ӘБ-де  аталып өтті. Шараға жиналған ауғандық ардагерлер осы бөлімнен   соғысқа  аттанып, ауған жерінде қаза болған 6 жауынгерді еске алды. Мемориалды кешенге гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.  
ЕРЖАН ДАНАБЕКОВ ОБЛЫСТЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМДАРЫН ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Шараға әскери бөлім қызметкерлері мен қатар №15 орта мектеп оқушылары арнайы шақыртылған.  Оларға ардагерлер  ерлік жайынде есті әңгімелер айтып, өз   естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, ауған соғысы жайында деректіфильм көрсетілді. Басқосу соңында  бейбіт күнді  насихаттауға мақсатында  "Соғыссыз әлем"  атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.  

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.