Қауіпті аймақ қатаң бақылауда

22 февраля 2017
(0 голосов)

Жамбыл облысында қар көшкінен қаза тапқан әскерилердің отбасына 7 млн теңгеден өтемақы берілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  ҚР  Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мәлімдеді.  Жиын барысында еліміздің  Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев  жақындарынан айырылып,  қара жамылған отбасыларға көңіл айтты. Әрі олардың жағдайын жіті бақылауда ұстауды тапсырды. Жалпы, апат айтып келмейді. Сондықтан табиғаттың кез келген тосын жағдайына дайын болуымыз тиіс - деді,  үкімет басшысы. Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл облысы Көксай шатқалындағы оқу жаттығу  барысында  әскерилер қар көшкінінің астында қалған болатын. Құтқару жұмыстары кезінде олардың 16-сы қар құрсауынан аман шығарылса, 7-еуі көз жұмған.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
7 ақпан күні Жамбыл облысында қайғылы оқиғадан 7 әскери қызметші қаза тауып,  8 адам жарақат алды. Үкімет атынан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын. Оқиға орнына Елбасының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы барып қайтты. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандардың мәліметінше, қайғылы оқиғаға ауа-райының күрт жылынуы себеп болған. Жалпы, бүгінде еліміз бойынша 900-ден аса қауіпті деп танылған  аймақ  бар.   Үкімет басшысы еліміздің әр өңірінде қар көшкіні болуы мүмкін деген жерлерді  қатаң  бақылауға алуды тапсырды. Жиын барысында, облыс басшысы Амандық Баталов Жетісу өлкесіндегі  жағдай  тұрақты екенін жеткізді. Облыстағы  143 су қоймасының барлығына тәуліктік бақылау жүргізіліп отыр.   

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Алматы облсының жағдайы қазір тұрақты. Көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша барлық жұмыстар атқарылып жатыр. Биылдың өзінде осы жұмыстарға республикалық бюджеттен жарты млрд теңге бөлінген. Облыста 53 қауіпті аймақ деп танылған.  Қазір осы аумақтарда бақылау күшейтілді.  


Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.