Депозит шоты тегін ашылады

07 апреля 2017
(1 Голосовать)

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" енді шот ашу тегін жүргізіледі. Бұған дейін банк салымшылары бұл жүйені ақылы жүзеге асырған. Мәселен, 4 млн теңгеге шот ашса, 20 мың теңге комиссия төлейтін. Қазір шарт жасау және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі 0 теңге болып бекітілді. Бұдан бөлек, енді мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері мен әскерилерді баспанамен қамтуға тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жауапты болмақ. Жалпы, биыл елімізде баспанамен қамту бойынша қандай өзгерістер мен жеңілдіктер қарастырылған? 

Бұл Талдықорғандағы  №7-ші шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірі. 10 шақты күннен кейін мұнда 168 пәтер қолданысқа берілмек. Осы баспаналарға мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласындағы қызметкерлері мен әскерилер үмітті болып отыр.Тұрғын үй жинақ банкінің мәліметінше, жоғарыда аталған пәтерлердің иесі қарапайым қала тұрғыны  болуы да мүмкін. Тек осы банктің салымшысы болса болғаны. Сондықтан олар  3-ші сәуірден бастап, халыққа тегін шот ашу мүмкіндігін тиімді пайдалануға шақырады.

Тұрғын үй жинақ банкі халық үшін жыл сайын жеңілдіктер қарастырып келеді. Былтыр баспана бағасының  50 пайызы емес, 30 пайызын депорзитке салып, үй алуға мүмкіндік берген еді. Бүгін де бұл жүйенің тиімділігі дәлелденді. Мәселен, бір ғана Алматы облысымызда өткен жылы 200-ге жуық тұрғын баспаналы болды.
 
Алматы облысы бойынша 22мың адам баспана кезегінде тұр. Оның 8000-ы Талдықорғанға тиесілі. Осы мәслені шешу мақсатында, биыл облысымызда 6 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек.  900-ден аса тұрғынды баспанамен қамту жоспарланған.

М. Берікқызы, Надир Хамзин, ЖТ

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.