Депутат Серік Үмбетов өңірлерді аралап жүр

06 января 2017
(2 голосов)

 Халық қалаулылары ел аралап жүр. Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов арнайы іс сапармен Алматы облысына келді. Іле және Қарасай аудандарындағы өндірістік аймақтарды аралап көрді. Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірдегі шағын жәна орта бизнесті одан әрі дамыту, өңірлерге көптеп инвестиция тарту мәселелерін көтерді.

Депутат Серік Үмбетов ең алдымен Іле ауданындағы «Междуреченск Агро» серіктестігінің жұмысымен танысты. Шаруашылық сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қаралар өсірумен айналысады. Бүгінде мұнда 900 бастан аса сауын сиыр бар. Тәулігіне 7-8 тонна сүт сауылады. 70 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнан соң, халық қалаулысы Байсерке маңындағы «Даму» өндірістік-Лагистикалқ аймағында орналасқан «DANON - BERKUT» зауытына ат басын бұрды. Аумағы 2 жарым гектар жерді алып жатқан кәсіпорында сүт өнімдерінің 20-дан аса түрі шығарылады. Жалпы құны 4 млрд теңгелік жобаның қуаттылығы - тәулігіне 10 мың тондан аса табиғи сүтті өңделеді.
   
ДАНИЯР ҚОҢЫРБАЕВ  АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
2010 жылы ашылған компания, 70 ке жуық жұмысшы жұмыс істейді. Әрине одан кейін шикізаттарын яғни сүт өнімдерін зауыт айналасында орналасқан шағын және ірі шаруашылықтардан алады. Бұның өзі айналадағы халыққа көптеп пайдасын тигізіп отыр.

 Сонымен қатар, Серік Әбікенұлы Қарасай ауданына қарасты Жармұхамбет ауылындағы «Алматы Шыны» серіктестігіне де табан тіреді. Мұнда қазір шыны құмыралардың түр-түрі шығады. Зауыт тәулігіне 35 мың дана бөтелке шығаруға қауһарлы. Қажетті шикізат түгелдей өзімізден. Қызылордадан қиыршыққұм келсе, мрамор Текеліден тасымалданады. Жұмысшыларға да бар жағдай жасалған. Бүгінде Қытай елінің кәсіпкерлері біздегі іскер азаматтармен бірлесіп, зауытқа 37 жарым милион доллардан аса инвестиция құйды.  

АЗИМ АБДОЛЛАЕВ СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ
7 гегтар жерде 55 мың шаршыметр құрлыс салынған. Жатақхана, кеңсе, жылу жүйесі, Асхана бәрі бар. қазір мамандар жаңа қондырғыларды орнатып жатыр. Бұйырса сәуір айынанбастап Қазақстанда бұрын болмаған өнімдерді шығара бастаймыз.

ЗКТ: Осылайша өңірдің тыныс-тіршілігімен танысқан депутат атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

СЕРІК ҮМБЕТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Алматы облысында істеліп жатқан жұмыстар көңілден шығады. Мына бюджет, инвестиция, қазіргі Елбасының айтып отқан басты саясаты балаларға білім беріп, жастарды қолдап, осыларға жұмыс тауып беру. Біз мынау өңірлерді аралап көріп, ел ішінде қандай көкейкесті мәселелер бар? оны жазып алып, ертең заң қабылдағанда халық қалағандай заң қабылдау үшін жұмыс атқарып жүрміз.

Сөз соңында мәжіліс депутаты атқарушы билік өкілдеріне сырттан инвестр тарту жағын қайталап тапсырды. Осылайша, өңірлерде көптеп жұмыс орындарын ашу - мемлекет саясатының басты бағыты екенін жеткізді.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.