Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды

01 февраля 2017
(0 голосов)

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Елбасының биылғы Жолдауы дәл осылай аталады. Бұл саяси құжатта Мемлекет басшысы өткен 25 жылдағы жетістігімізді саралай келе, 2025-ші жылға дейінгі мақсат-міндеттерімізді де айқындап беріп отыр. Яғни, еліміздің бірінші жаңғыруында біз жаңа мемлекеттің іргетасын қаладық.  Екінші жаңғыруында «Қазақстан-2030» стратегиясын қабылдап, жаңа елордамыз Астана салынды. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірдік.  "Ал, Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі", - деген Елбасы. Бұл өз кезегінде 30 озық елдің қатарынан көрінуге мүмкіндік бермек. Соған орай, 5 басымдықты белгілеп көрсетіп отыр. Онда экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Макроэкономикалық тұрақтылық пен адами капитал сапасын жақсарту қарастырылған. Ал, Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Әрбірінде Президент Үкіметке ел экономикасын нығайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жасқарту бойынша жаңа міндеттер жүктеп отыр.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.