Фристайлшыларымыз жанкүйерлер сенімін ақтады

01 февраля 2017
(0 голосов)

Бүгін Табаған спорт кешенінде фристайлшылар сайысы өтті. Мұнда атлеттер аралас сынның жүлделерін сарапқа салды.

 Ресей, Қытай, Беларусь және қазақстан. Бұл бәсекеде барлығы төрт мемлекеттен 6 команда сынға түсті. Ел намысын Жанбота Алдабергенова, Бағлан Іңкәрбек пен Дархан мұхамеджанов және Ақмаржан Қалмұрзаева жұбы қорғаған. Алайда Аламанның ақтық айқасына алқынбай жеткен тек Жанбота мен Бағлан болды. Финалда отандастарымыз қос қытайлық ұжыммен күш байқасты.
 
Студенттер сайысы біздің фристайлшыларымыз үшін сәтті өтіп жатыр. Бүгін аралас сында жерлестеріміз Бағлан Іңкәрбек пен Жанбота Алдабергенова ел қоржынына алтын жүлде салды. Осыдан бірнеше сағат бұрын Алина Райкова алтын жүлде иеленген болатын. Бағлан мен Жанбота оның жеңісті жолын жалғап, жанкүйерлерді бір желпінтті. Айта кетейік, Алматы облысының Табаған спорт кешенінде фристайл жарыстары өткізіледі.

Жанбота мен Бағлан жанкүйерлер сенімінен шығу үшін барын салғандарын жасырмады. Ең алдымен қобалжымай, сенімді шығуымыз керек болды дейді жеңімпаздар.

Табағанға келген жанкүйерлер қарасы мол. Олар мұндағы спорт кешені мен өтіп жатқан жарыстарға жоғары баға беріп отыр.

Айта кетейік, жеңімпаздар мен жүлдегерлер алматыдағы медаль плаза алаңында марапатталатын болады.

М.МҰҚАШҰЛЫ, СТЕПАН МЕРЕЖКО, ЖТА ТАЛҒАР АУДАНЫНАН

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.