КТА тапсыратын абитуриенттер назарына!

09 июня 2017
(2 голосов)

 Асығыңыздар! Құжат қабылдау мерзімінің аяқталуына небәрі 12 күн қалды.
Биыл колледждерден кейін және өткен жылдары ЖОО -на түсе алмай қалған түлектер үшін өтетін    кешенді тест сынақтарының мерзімі өзгертілді. КТА тапсырушылардың дені бұл жаңалықтан нашар құлақтанған сынды. Бүгінге ЖМУ-нің қабылдау комиссиясына бар-жоғы 36 абитуриент құжат өткізіпті. Осыған орай, тағы да естеріңізге сала кетелік:  биыл кешенді тестілеуге өтініш қабылдау мерзімі маусымның 1 мен 20 аралығын қамтиды. Шығармашылық емтихан тапсыратындар өздері таңдаған оқу орындарына маусымның 20 мен 7 шілде аралығында өтініш беруі тиіс. Ал, қажетті құжаттар төмендегідей: өтініш, аттестат немесе диплом, жеке бас куәлігі,  086 форматты медициналық анықтама. Сондай-ақ, әдеттегідей, абитуриент өзімен бірге  3/4  6 фотосурет, баж салығының төленуі туралы квитанция, хатқалта мен құжаттар тігетін қағаз мұқаба әкелуі керек. 

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.