Өлімге апаратын ойын

09 февраля 2017
(0 голосов)

Келесі бейнесюжетті ұл өсіріп, қыз тәрбиелеп отырған ата-аналар міндетті түрде көру керек. Ғаламтор желісінде жасөспірімдерді өлімге итермелейтін қауіпті ойындар таралып жатыр. "Көк кит" және "Тихий дом" деп аталатын ойын Ресейде пайда болып, бүгінде ТМД кеңістігінде кеңінен көрініс тапты. Осы ойынның шырмауына шатылғандар Ресей мен Қырғыз елінде көп. Қазақстанда да құрбан болғандар бар.

БЛИЦ: "Көк кит" ойыны туралы естулерін бар ма?
-  Ия, ондай ойын бар. Бірақ оны ойнауға болмайды дейді. Өйткені, ойын соңы сиуицидқа әкеледі.  
- Бұл жерде бұл ойынды бастаған адамның психологиялық ауытқуы бар деп ойлаймын.
- Шетелден біздің елге келген ойын түрі.  Яғни, жастардың санасын улау. Бұл интернеттің пайдасыз әкелген дүниесі деп білемін.  
- GPS пен қайда тұратынын, қай нөмерде жүргенін барлығын біліп алады екен. Соңғы тапсырма өзінді өлтіру. Әйтпесе жақындарын өледі дейді. Содан қорқып өзі өзінді өлтіруін керексін ғой.

 Бұл талдықорғандық жастар арасында жүргізілген сауалнама. Олардың дені "Көк кит" пен "Тихий дом" ойынын білетін болып шықты. Қатерлі екенін де хабардар. Дегенмен білмейтіндер, біле-тұра сол ойынға ықылас танытатындар көп. Ал оған бір кірген адам, қайтып шығуы қиын. Ойын модераторлары түрлі жолмен алдап, арбайды. Психологиялық шабуылдар жасап, қорқытады. Ақыр соңында әлгі ойыншыны өлтіріп тынады.  

 Лимара Зиятаева "Көк киттің" кесірінен сырлас құрбысынан айрылып қалды. Марқұм бойжеткен Алматыда тұрған. Соңғы 1 айда "Көк кит" ойынына кіргенін айтып, Лимараға әлденеше рет хат жазған. Ол жазбаның барлығы Лимарада сақтаулы. Өкініштісі құрбысын қатыгез ойыннан арашалай алмады.  

ЛИМАРА ЗИЯТАЕВА
Бірінші сұрағы болды. Қолына жаңағы "Синий кит" немесе соның суретін денене кесіп салып, суретке түсіріп жіберу. Менің құрбым ойнап көрді. Екінші сұрағы - мысықтың аяғын кесу. Оны да орындады. Ол бізбен сөйлескен сайын барлығын суретке түсіріп жіберетін. Осы екі апта бұрын ол қыз дүниеден өтті.  

Лимараның құрбысына ойын модераторлары бесінші қабаттан секіру талабын қойған. Орындамасаң әке-шешең, бауырларыңды өлтіреміз деп қорқытыпты. Үйінің мекен-жайын, жұмыс орнын білеміз деп жас қыздың үрейін алады. Лимара құрбысының қазасынан кейін   қауіпті ойынды әшкерелемек болып ойынға тіркеліпті. Бірақ ұйымдастырушылардың телефон нөмірін анықтай алмаған.

ЛИМАРА ЗИЯТАЕВА
Ешқандай жерде анықталмайды. Уатсапта белгісіз болып тұр. Ешкім аша алмады. Мысалы мен сол суретті салдым. Ол суретте киттің суреті тұрады. Разбуди меня, я в игре деп. Таңғы 4:20 да. Маған хабарлама жіберді. "Сен осы ойынды ойнайсыз ба?" -  деп. Мен жауап қайтармадым. Сосын маған олар хабарласты. Мен телефонды көтермедім. Қорқып шығып кеттім.  

 Сиуицидқа тәрбиелейтін қауіпті ойынның қатал шарты бар. Кірген адам тірі шықпайды. Әрбір қатысушы  50 тапсырма алады.Тапсырма таңғы сағат  4:30 да телефон немесе әлеуметтік желі арқылы беріледі Алғашқысы білегіңді тіліп, киттің суретін салу, онан кейінгісі мысық тәрізді бір жануарды өлтіру.  Ал, ең соңғысы өзіңе өзің қол салу. Ол тапсырма орындалмаған жағдайда, ұйымдастырушылар түрлі жолмен қорқытады.   

АЛМАС СӘДУБАЕВ
ҚР ІІМ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Әлеуметтік желілердің басқа елдерде орналасқанына байланысты бұл ресурстардың топтарын бұғаттаумен айналысамыз. Ата-аналарға балаларының виртуалды өміріне бақылау орнатуға кеңес береміз, егер осыған ұқсас жағдайға тап болсаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз. Сол деректерге сай шаралар қолданылатын болады

Ішкі істер министрлігінің өкілі осыдан екі күн бұрын елімізде "сиуицид" ойыны бойынша ешқандай дерек тіркелмегенін мәлімдеген. Яғни олар Қазақстандық ғаламтор кеңістігінде болып жатқан қанды ойыннан хабарсыз. Ата-аналары шағым түсірмеген соң, Лимараның құрбысының қазасын да білмейді. (Қарағанды подсъемка)  Ал мына ақпарат баспасөзге кеше жарияланды. Ақпанның 5-нен 6-на қараған түні қарағандылық 19 жастағы бойжеткен өзіне қол салған. Ол да "көк кит" ойынына кірген деген болжам бар.

Өткен аптаның соңында Ресейлік сақшылар "Көк кит" ойынының авторы Филипп Будейкинді ұстады.  Оған "Өзіне қол салуға дейін жеткізу" айыбы тағылып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ал  бас прокуратураның  мәліметінше Қазақстанда соңғы бір айдың ішінде 20 оқушы-студент суицид жасаған. Қазір олардың "Көк кит" ойынына кірген-кірмегені анықталып жатыр.  Бұдан бөлек, барлық аймақта оқушылар мен білімгерлер арасында тәрбие сағатын өткізу қолға алынған.  

ХАПИЗА НАУБАЕВА
ПСИХОЛОГ
Сиуицидқа баратын жасөспірімдердің қорқуы. Бұл қорқыныш эмоциональды үлкен бір әсерін тигізеді. Сол қорқыныш  адамның жан дү иесін билеген уақытта ол ешқайда барып құтыла алмайды деген үлкен бір тұжырымға келеді. Сондықтан оны шеше алмайтын халге жетеді.   

Хапиза Наубаеваның айтуынша 16 мен 19жас аралығы өтпелі кезең. Осы уақытта жас жеткеншектер психологиялық дағдарысты бастан кешеді. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар балалардың көңіл-күйін бақылап, ғаламторда немен айналысып жүргенін қадағалау керек дейді. (Астына музыка вставка) ГРАФИКА: Жалпы былтыр суицид жасағандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,9 пайыз азайыпты. Яғни, 2015 жылы - 201 дерек, 2016 жылы - 175 жағдай тіркелген.

 Ғаламторда  адам психикасына әсер ететін әртүрлі қауіпті ойындар көп. Алайда, елімізде  оны қадағалайтын мекеме мен мамандар тапшы. Осыған байланысты, құзырлы мекеме өкілдері ата-аналарға балаларының бос уақытын қатаң қадағалауды ескертеді.

М. Берікқызы, Мәди Байбосынов, Жайық Құрманбаев, ЖТ


Осы бір қатерлі ойынға қазақ жастарының еліткені соншалық, бір-біріне қалжыңдап қоңырау шалатын болыпты. Яғни "Көк кит" ойынының әкімшісімен деп өзінің сыныптас қыздарының мазасын алып жатқандар бар.  {БЕЙНЕ: } Осындай оқиға кеше Талдықорған қаласында тіркелді. Көктал шағын ауданында тұратын оқушы қызға кешкі сағат алтыларда жасырын нөмірден әлдекім хабарласады. Салған беттен "Көк кит ойыны үшін біз сізді таңдап алдық, сіз ойындасыз, таңғы сағат 4:20 да жіберген тапсырманы орындаңыз, әйтпесе жақындарыңыз зардап шегетін болады" деп қорқытқан. Оқушының ата-анасы бірден тәртіп сақшыларына арызданған. Тексеру барысында анықталғандай хабарласқан бозбала бойжеткеннің сыныптасы болып шыққан. Ол сол күні басқа да таныс қыздарына қоңырау шалып, осылай қалжыңдаған екен. Ойнақтаймын деп от басқан оқушының әрекеті қазір  тергеліп жатыр. Оған қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. 

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.