Әліпби ауыстырудың маңызы талқыланды

06 ноября 2017
(0 голосов)

Латын әліпбиі сыртта жүрген қазақтардың хат-хабар алмасуын жеңілдетеді. Жетісу жеріне шеттен көшіп келген қандастарымыз осындай пікір айтты.  Әр салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ азамат Талдықорғандағы тіл сарайында бас қосып, жазу реформасын талқылады.

Қытайдағы қазақтар бір кездері латын әліпбиін қолданған. Пәрменбек Жұмабайұлының оқушылық дәуірі сол кезеңге тұспа-тұс келіпті. Сондықтан, латынша оқып, еркін жаза алады. Ардагер ұстаз елімізде қаріп өзгерту бастамасы басталғанда төбесі көкке жеткендей қуанған. Өйткені, кирил әліпбиі қазақ тілінің дыбысталу яғни үндестік жүйесін жоғалтуға әкеп соққаны жанына әбден батқан.


Латын қарпіндегі қазақ жазуына көшу енді осы кемшіліктерді болдырмайды деп сенім артып отыр,- шеттен келген бауырлар. Жазу демекші қытай, жапон, корейлердің өзі жазуларын қосымша латынша таңбалайды. Сонда үйренуге,оқуға жеңіл болады екен. Ендеше біз неге жаңа графикадан қашуымыз керек дейді,- ақын Жүкел Хамай. Моңғұлиядан оралған қаламгер бәрінен бұрын әлем қазақтарының хат-хабар алмасуы жеңілдейтініне қуанып жүр.

Емдеу, спорт, өнер саласында да табысты еңбек етіп жүрген бауырларымыз әліпби ауыстырудың маңызы зор деп біледі. Әр бірі ой-пайымдарын дөңгелек үстел басында бүкпесіз айтты. Нақты мысалдар келтіріп, латын қарпінің қазаққа тигізер пайдасын саралады. Ал айтыскер ақын Гүлнұр Оразбайқызы болса айтар ойын бір шумақ өлеңге сыйдырды.

Латын әліпбиіне көшу әлем қазақтарының рухани бірлігін нығайтады. Бұл пікірді дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайында мемлекет басшысы айтқан болатын. Сол меженің орындаларына атамекенге оралған бауырлар кәміл сенеді.    

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.