Медициналық сақтандыру қызмет сапасын жақсартады

13 февраля 2017
(0 голосов)

Медициналық сақтандыру емдеу мекемелерінде көрсетілетін қызмет сапасын арттырады.  Осы жылдың шілдесінен бастап,  жүзеге асатын жоба жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінің бүгінгі баспасөз мәслихатында айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Бәйдуәлиев пен Медицина қызметіне ақы төлейтін департамент басшысы Мақсұт Қалжанов сақтандырудың тиімділігі мен артықшылықтарына тоқталды. Құйылған қаржы нәтижесінде денсаулық сақтау мекемелері заман талабына сай қондырғылармен жабдықталады. Қызметкерлердің де еңбекақысы өседі. Тиісінше, көрсетілетін көмек көлемі де артады. Бір айта кететін жайт,  ауыр халде аурханаға түскендердің барлығына да тегін  медициналық көмек көрсетіледі. Оның сақтындырылғаны не сақтандырылмағанына қарай бөліп жармайды. Аударылған қаржының көптігі мен аздығы да есепке алынбайды. Тең дәрежеде қаралады. Алтын және Күміс алқа иелері,  көп балалы аналар, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, сонымен қатар, күштік құрылым қызметкерлері сақтандырудан босатылады. Мамандар ел қаражаты бақылауда болатынын айтады.

АСХАН БАЙДУӘЛИЕВ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Компютерлік бағдарламалар арқылы әр тиын, қайда кеткені, қай кезде жұмсалғаны, кімге қанша кеткені  барлығы саналып отырады. Бәрі ашық, анық болып отырады. Сол үшін қорқатын ештеңе жоқ.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.