Мемлекет қаржысы тиімді жұмсалуы керек

14 февраля 2017
(1 Голосовать)

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы арқылы өңірлерге бөлінген 2 млрд теңге игерілмей қалған. Осыған байланысты, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдері мен қаржы министірін сынға алды. Үкімет отырысында мемлекеттің қаражатын 4 облыс тиісті мақсатта пайдаланып үлгермегені айтылды.  Олар Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Ақмола және Қостанай  облыстары.  Айта кететіні, өткен жылы жобаны жүзеге асыру үшін 500 млн теңге бөлінген. Соның 36 млн теңгесі Алматы облысына тиесілі. Жетісу жерінде бұл ақша толық игерілген. 70 жоба іске қосылып, 5 мың адам жұмысқа орналасқан.  Ал биыл бөлінетін қаржыны да орны-орнымен жұмсау жергілікті биліктің басты назарында.  

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
2016 жыл қаржыны меңгеру кезеңі. Ал, 2017 жылы нәтиже көрсететін шақ. Осыған байланысты, әрқайсыларыңызға бөлінген саланы қатаң бақылауды тапсырамын. Енді мемлекеттен облысқа бөлінген қаражатты тікелей қадағалап отырамыз.

Үкімет отырысында Алматы қаласында өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындарын өткізу жұмыстары да қорытындыланды.  Ауқымды шараға әлемдегі 57 мемлекеттен келген спортшылар қатысқан.  230 мың билет сатылып, көп пайда түскен.  Қазақстан спортшылары 36 медаль әкелді. Оның 11-і алтын.  Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерге уақытында сыйақыларын беруді тапсырды. Енді үкімет шілде де басталатын халықарылық көрмеге дайындықты күшейтпек.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
Алматыдағы 28-ші қысқы Универсиада ойындарын өткізу үшін қыруар шаруа атқарылды. Мұны айтуымның себебі бар. Өйткені биылғы жылы тағы бір маңызды шара EXPO-2017 көрмесін өткізуіміз қажет. Ол үш айға созылады. Әрине, халық арасында осынша қаржыны неліктен жұмсаймыз деген түсінбеушілік бар екенін жақсы білемін. Универсиада ойындарына бөлінген 13 млрд теңгенің 4 миллиардын біз үнемдедік. Соның өзінде Алматы қаласына үлкен пайда келді. Ал бұл жерде ЕХРО-ның Астанаға ғана емес, жалпы Қазақстанға тигізер тиімді тұсы өте көп.


Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.