Қосымша білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Жақсылық Омар

20 февраля 2017
(0 голосов)

Алматы облысында қосымша білім беру жүйесі кенжелеп тұр. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту жағына көңіл бөлінбей отыр. Тіпті кейбір аудандарда қосымша білім беретін мекемелер жоқ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Басқосуда осы олқылықтың орнын толтыру мәселесі жан-жақты талқыланды.

Қосымша білім алудың пайдасы болмаса зияны жоқ. Ол балалар мен жасөспірімдердің білімін, шығармашылық әлеуетін арттыруға үлкен септігін тигізеді. Алайда облысымызда оқушының түрлі үйірмелерге қатысып, қабілетін дамытуға дұрыс жағдай жасалынбаған. Тіпті республика бойынша көш соңында келеді.

ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАР - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз Республикада бүгінгі күнге ең соңғы 16шы орындамыз.  Біздің жалпы оқушыларымыздың 4,5 пайызы ғана қосымша білім беруменен қамтылған. Бұл Алматы облысы үшін оның білім беру саласы үшін өте үлкен кемшілік.

Өңірде қосымша білім беруге арналған ғимараттар жетіспейді, барының сапасы сын көтермейді. Мамандар да тапшы. Кейбір аудандарда ұйымдастыру жұмыстарына дұрыс мән берілмей отыр. Кербұлақ пен Ұйғыр аудандарында тіпті бірде-бір қосымша білім беру мекемесі жоқ. 
Қарасай ауданы - 0,6%
Іле ауданы - 0,8%
Ескелді ауданы - 1%
Панфилов ауданы - 1,3%
Еңбекшіқазақ ауданы - 2%
Балқаш ауданы - 2,2% пайыз. Балаларды қосымша білім берумен қамту көрсеткіші аудандарда осындай.  Бізде шәкірттердің жызғы және қысқы спартакияада ойындарына қатысу деңгейі де төмен. Жиында талқылынған тағы бір мәселе  "Жетісу" волейбол клубына қатысты. Команданың ойыншылары сырттан шақырылады. Оларға қомақты сыйақы төленеді. Осы жүйені өзгертетін кез келді дейді  облыс әкімінің орынбасары.  Енді өзімізден спортшылар дайындалмақ.  Яғни 7-ші сыныптан жоғары білім алатын, бойы 172 см асатын оқушылар таңдап алынады.

ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАР - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Іріктеуден өткен 500ден астам оқушыны Талдықорғанға алып келеміз. Медициналық тексеру жүргізіп, белгілі нормативтерден өтетін болады. Содан кейін, арасынан волейболға икемі бар 60қа жуық оқушыны интернатқа орналастырамыз. Олармен тренерлер жұмыс жасайтын болады.   

Спорт пен білімдегі кеткен кемшіліктер қысқа уақытта түзетілуі тиіс. Жақсылық Омар салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмаларды берді.

Аяулым Сансызбаева, Жасұлан Шынкенже. ЖА

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.