Шаңғышылар мен биатлоншылар жарады

01 февраля 2017
(0 голосов)

 Алматыда өтіп жатан Универсиада ойындарынан келіп түскен жағымды жаңалыққа құлақ түріңіздер. Қазақстандық атлеттер бүгін алғашқы алтын медалдарын жеңіп алды. Ел құрамасы сонымен қатар күміс және қола медалмен  толықты.

 Универсиаданың 3-ші жарыс  күні шаңғышылар сайысымен басталды. 5 шақырымға созылған ізгі түсу бәсекесіне 17 елдің 30-ға жуық спортшысы өнер көрсетті.
 Алатау шаңғы және биатлон стадионында Қазақстандық спортшылар өз жанкүйерлері алдында барын салғаны анық. Бұл тізімде Анна Шеваченкода бар. Кеше өткен спринт яғни  ұшқыр шаңғышылар арасында Анна қола жүлдегер атанған еді. Ол, бұл жолы да білгенінен жаңылған жоқ. Жерлесіміз, ресейлік қос спортшыны алға жіберіп, мәре сызығын 3-ші болып кесті.

АННА ШЕВЧЕНКО ШАҢҒЫДАН УНИВЕРСИАДАНЫҢ 2 МӘРТЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
 Мен қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Жанкүйерлерге және жаттықтырушыларыма рахмет айтамын. Олар мені жігерлендіріп, өзіме деген сенімімді арттырды. Алдағы сайыста да Қазақстандықтарды жеңісіммен қуантуға тырысам

Бұдан соң биатлоншы қыздар жарыс жолына шықты. Нақ осы сайысқа жергілікті жанкүйерлер ерекше қызығушылық танытты. Өйткені, осының алдында 2 жыл бұрын  өткен универсиада ойындарында жерлестеріміз 5 алтын медальды олжалаған еді. Оның бірі мылтық асынған шаңғышыларымыздың еншінде. 15 шақырымға созылған сайыс алаңында ел намысын қорғаған 6 бірдей қазақстандық атлет аянып қалған  жоқ. Әсіресе, ел құрамасының көш басшысы Алина Райковаға артылған сенім салмақты болды.  Ол, бұл жауапкершілкті жақсы түсінді. Нәтижесінде   20 нысананың 18ін дәл көздеді.Жылдамдық бойынша да қарсыластарынан алда болды.   Осылайша басты бәсекелестері  Ресей мен Украйына спортшыларын артқа тастап, ел қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Жарыстан соң қуаныштың көз жасына ерік берген Алина жанкүйерлерімның қолдауы жеңісіме сеп болды дейді
 
АЛИНА РАЙКОВА УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ 2 МӘРТЕ ЖЕҢІМПАЗЫ
Мен қазір қуаныштан тіпті толқып тұрмын. Бұл жарыста топ жаруға барымды алдым. Өйткені сайыс өз жерімізде өтті. Менің жеңісіме соңыдан дейін сенген жанкүйерлеріме алғысым шексіз.  
Екінші орынды тағы бір жерлесіміз Галина Вишневская иеленді. Ал қола жүлде Украйн спортшысына бұйырды. Қазақстандық споршылар бұл жетістікпен шектелмейтіндіктерін байқатты. Олар алда өтер эстафета сайысында да топ жаруды жоспарлап отыр

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.