Тәуелсіздікке тарту

22 ноября 2016
(0 голосов)

"Жұлдызды 25 күн" шарасын Қаратал ауданы да бар сән-салтанатымен бастады.  Аудан жастары мен мектеп оқушылары ән айтып, флешмоб билеп, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады. Аудан басшыларының айтуынша, жұлдызды 25 күн акциясы аясында өңірде 320 орындық балабақша мен мүгедек балабаларды оңалту орталығы пайдалануға берілмек. Және де 30 отбасы баспаналы болады. Жалпы, биыл өңірде тәуелсіздік тойына тарту ретінде 400 бас ірі қараға арналған сүт тауарлы фермасы іске қосылды. Талдықорған Үштөбе бағытындағы жол салынып бітті. Мұнымен қоса, "Жұмыспен қамту 2020"  және "Өңірлерді дамыту" бағдарламалары аясында екі ауылдың ауыз су мәселесі шешілді. 50 орындық шағын орталығы бар мектеп күрделі жөндеуден өтті. Тізе берсе, жыл басынан бері атқарылған шаруа көп.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.