Тәуелсіздікпен құрдас білім шаңырағындағы кездесу

22 ноября 2016
(0 голосов)

Тәуелсіздікпен құрдас білім ошағы. Ескелді ауданы, Шымыр ауылындағы орта мектеп 1991 жылы жаңа ғимаратқа қоныс аударған. Содан бері неше мыңдаған түлекті ұшырған білім ұжымы  25 жылдық мерейтойын атап өтті. Шара аясында еңбек жолын осы мектептен бастаған,  Қазақстан педагоикасының дамуына еңбек сіңірген ұстаз Дария Пірімбекованың жаңа кітабының тұсауы кесілді.

1932 жылы Шымыр ауылында алғашқы мектептің негізі қаланған. Халық сонда сауатын ашып, оқу-білім үйренген. Ал Қазақстан егемендік алған  жылы мектеп ұжымы  жаңа салынған ғимаратқа көшті. Сондықтан мұндағы ұстаздар мен шәкірттер үшін тәуелсіздік мерекесі аса қадірлі. Ал азаттықтың 25 жылыдығында өздерінің ширек ғасырлық тойын қоса тойлады. Алыс-жақыннан қонақтар келіп, кездесу өтті.

Мәншүк Мәметова атындағы білім ордасының басты жетістігі қоғамға білімді ұл-қыз тәрбиелеп берді. Түлектері қазір қазақ білімін, ғылымын, мәдениеті мен спортын дамытуға үлес қосып жүр. Ал кездесуге жиылғандар жылы естеліктер
айтты. Оқушылар тәуелсіздікті жырға қосты. Осы күні көпшілік тағы бір қуанышты сәтке куә болды. Педагогика ғылымдарының кандидаты Дария Пірімбекова жаңа кітабының тұсауын кесті. Туынды "Ана бақытының қос арнасы" деп аталады. Онда автордың өмірі, отбасы суреттелген. Алғашқы ұстаздық жолы басталған Шымыр орта мектебі жайлы да жазылған.  

Шымырдағы бұл шара аудан әкімдігі жоспарлаған "жұлдызды 25 күн" акциясы аясында өтіп отыр. Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар мазмұны әр түрлі . Мәселен, жастарға арналып жайдарман ойындары өтті. Оған 13 команда қатысты.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.