Тауар өткізу рәсімі жеңілдеді

22 февраля 2017
(0 голосов)

 Қытайдан тауар өткізу рәсімі жеңілдей түсті. Оған осы  жылдың 14 ақпанынан бастап Кеден Кодексіне енгізілген өзгерістер себеп. Соның негізінде  баж салығынсыз алынатын жеке пайдалануға арналған тауарлардың ауқымы кеңейтілді.  Атап айтсақ, төсек орын, киім-кешек, кілем, теріден жасалған бұйымдар,  азық-түлік пен электр құрылғылары сынды заттарға қойылған шектеулер алынып тасталды.  Сонымен қатар, жалпы құны 500 мың еуродан аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды көлікпен тасуға да рұқсат берілді. Тек кез-келген жағдайда бір адам басына алынған тауардың салмағы 50 келіден аспауы тиіс. Кеден бекетінен  тауар өткізу жиілігі айына 1 рет болуы керек. Дегенмен кей тауарларға қойылған сандық шектеулер әлі де сақталып отыр. Олардың тізімінде ұялы телефон, планшет, ноутбук, зергерлік бұйымдар мен балаларға арналған бесік арбалары бар.

ЖАНБОЛАТ ӨКСІКБАЕВ   
ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Биылғы жылдан бастап аталған шектеулер алынып тасталды. Мысалы азамат Хоргос немесе халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы арқылы қанша төсек жапқыш алып шықса да ол кедендік бажды төлемейді. Ал егер белгілі мөлшерден көп тауар алып қойса, онда тауар бағасына қарай 30%-дық баж төленеді. Яғни, 1 келіге кемінде 4 еуродан беріледі.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.