"Универсиада - 2017" алау эстафетасы

30 января 2017
(0 голосов)

Алматыда 28-ші қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Қазақ жеріне 60-қа жуық елінен 2000 нан аса спортшы, 30 мыңға тарта мейман келді. Жарыс 11 күнге созылады. Ақпанның 8-де аяқталады. Спорттың 12 түрін қамтиды. 85 медаль комплектісіне таласқа түседі. Әділ өтуіне 127 халықаралық төреші мен 600 дей ұлттық техникалық сарапшылар жауапты. Жалпы, универсиада дәстүрлі шара. Студенттік спорттың тарихы  соноу 1905 жылдан бастау алады. АҚШ та алғаш рет студент жастардың халықаралық жарысы өтеді. 1919 жылы студенттер конфедерациясы құрылады. Араға 3 жыл салып, олар Парижде ең бірінші әлемдік универсиада ойындарын өткізеді.    
Мақтана кетелік! ТМД кеңістігінде бұған дейін ешбір елде қысқы  универсиада болған жоқ. Қазақстан бірінші. Жазғы түрі 1973 жылы Мәскеуде, 2013-жылы Қазан қаласында өтті. Онда да бір-бір реттен ғана. Бір рет қана деп, босқа екпін түсіріп тұрған жоқпын. Универсиаданы бірнеше мәрте өткізген елдер де бар. Мәселен, Италия. Универсиада алауы 9 мәрте жағылды. 2017 жылғы Универсиада алауы аптада  Астанада жағылғаны мәлім. Елбасының тілек-батасымен бастау алған эстафета ел өңірлерін тегіс қамтыды.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.