ЖЕРДІ ЗАҢСЫЗ БАСЫП АЛУҒА ЖОЛ ЖОҚ!

12 апреля 2017
(0 голосов)

 Өткен жылы Алматы облысында 16 адам құжатсыз жерге құрылыс бастаған. Олардың ісі сотта қаралып,  кінәлілерге 4 млн теңгеден аса айыппұл салынған. Ал, биыл Талдықорғанда  жер телімін  өз бетімен иемдену оқиғасы тіркелген. Заңды бұзған азамат жауапқа тартылған.  Бұл туралы    "Жерді заңсыз басып алуға жол жоқ!" тақырыбында өткен жиында айтылды. Алматыдағы  басқосуға  облыстық жер басқармасының өкілдері мен өзге де сала мамандары қатысты. Кеңесте жерді заңсыз басып алу мәселесін болдырмау жағы сөз болды. Прокуратура қызметкерлері  арнайы топ құрылып, өңірлерде тексеру жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Әсіресе алып шаһар алматының іргесіндегі аудандар басты назарда екенін де тілге тиек етті. Егер мемлекеттің заңына томпақ келіп, тоқымдай жерді өз бетімен иемденгендер болса жазасыз қалмайды. Бүгінде әкімшілік жаза құны көтеріліп 100 айлық көрсеткішке жеткен.  

 МАРАТ ЖҮНДІБАЕВ    ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРДІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ  МЕН  ҚОРҒАЛУЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ
Бұл алдыңғы жылдары болған, бүгінгі таңда барлық өңірде үгіт-насихат, түсіндіру шараларының жүргізілуі нәтижесінде жерді өз бетімен басып алу фактілері азайып кетті, жоқ деп айтуға да болады.  Десе де алда мүлде болдырмау үшін жергілікті билік өкілдері   түсіндіру шараларын үзбеуі керек.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.