Жол қозғалысындағы өзгерістер

05 января 2017
(0 голосов)

Бірінші қаңтардан бастап, жол сақшылары қолдарына қызыл жарық таяқтарын ұстамайтын болды. Яғни, толықтай автопатрульдеу әдісіне көшті. Көліктерді арнайы дыбыс және жарық құрылғылары арқылы тоқтата алады.

Бұдан былай жол патрульдік полициясының жаяу жасақтары жол қозғалысын бақылай алмайды. Қызыл жарық таяқтарды қолдануға тиым салынғандықтан, олар толықтай автопатрульдеу әдісімен жұмыс істейді.  Тек стационарлы бекеттерде полицейлер көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп ысқыру арқылы "тоқта" деген белгі бере алады. Немесе арнайы дыбыс күшейткіш құрылғыларды қолданады.

Жол көлік оқиғасын тудырмайтын жерлерде тоқтатуға болады. Қызметтік автокөліктің жарық шамы жанып тұруы керек. Арнайы дауыс белгілері белгіленуі керек.  

Еліміздің ІІМ Әкімшілік полиция басқармасының ресми өкілі Ирина Лукьянинаның айтуынша,  жол сақшылары жүргізушілерді заңсыз автокөлікті ұрлау дерегі немесе қылмыс бойынша күдікті көлікті ұстау, тосқауыл шарасы, жол-көлік оқиғалары кезінде ғана қолмен тоқтатуға құқы бар.

Қызмет атқару барысы патрулдеу арқылы жүргізіледі. Қоғамдық тәртіп осыған сәйкес жүргізіледі.   

Жаңа жылдан бастап, жүргізушілерге салынатын айыппұл бағасы да өсті. Мәселен, былтыр 1 айлық есептік көрсеткіш 2121 теңге болса, биыл 2269 теңге. Яғни, соған сәйкес, ең аз 3 айлық есептік көрсеткіш есебіндегі айыппұл соммасы 6363 теңгеден 6807 теңгеге көтерілді.


Айман Асыл Нұржан Мұқанов Жетісу телеарнасы

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.