Жолдау жаңғыруға жетелейді

09 февраля 2017
(0 голосов)

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин жұмыс сапарымен Алматы облысында жүр. Мақсат - Елбасының жаңа Жолдауын насихаттау, өңір тыныс-тірлігімен танысу. Кеше ол Іле ауданындағы "Aiuminium of Kazakhstan" серіктестігіне қарасты "Hoffmann" зауытында болды. Тыныс-тірлігімен танысты. Еңбек ұжымымен кездесті. Президенттің елді елеңдеткен соңғы 2 үндеуі мән-маңызын түсіндірді. Жолдау жүктеген міндеттерге терең шолу жасады. "Hoffmann" - Іле түгілі, елдегі ірі зауыттардың бірі. Құрылыс материалдарын қиюластырар алюминий қималарын шығарады. Индустрияландыру саясаты туғызған игі жоба. Іске қосылғалы -3- ші жыл. Айына - 600 тонна шығарады. Өнімдері Отандық нарықта ойып тұрып орын алған. "Алматы -арена" мұз айдыны, қос астанадағы "Армада", "Вавилон", Комфорт" сынды ірі сауда және тұрғын үй кешендері осы алюминий көмегімен көтерілген. Талдықорғандағы неке сарайы, көрме залы, драма театр сынды нысандар құрылысына да жаппай қолданылып жатыр. Соңғы 6 жыл ішінде дәл осындай инновациялық жобалар қазынаға 4 трлн теңге табыс түсірді,- дейді Нұрлан Нығматулин. Нық сөйлейді, нақ сөйлейді. Жұмысшы қауымға түсінікті тілмен, тәуелсіздік табыстарын түсіндіріп берді. Мәжіліс төрағасы бұл елдегі 2 жаңғыру жемісі!,-дейді. 3-шісіне аяқ басқанымызды айтты. Жолдаудың 5 бағытын 5 саусақтай түсіндірді. Астананың аязынан соң Алматының қысына "қыңқ" етпеймін деп әзілдеді. Зауыт залының ызғарын да елең қылмады. Костюмшең отырып, көсіле сөйледі. "Мемлекеттік билік бөлінісі" жайын да жете түсіндірді. Бұл - Н.Назарбаевтың демократиялық ұстанымдарды нығайту жолындағы тарихи шешімі деп бағалады. Ел пікірін тыңдады. Нұрлан Нығматуллин мәжіліске 2-ші мәрте төрағалық етуде. Енгізген жаңалығы - ел қалаулылары енді аймақтарға айына 1 рет шығып тұруға міндетті. Мақсат - сайлаушылары алдында жауапкершілігін арттыру. Жүзден аса депутат қазір жолдау насихаттап, өңір-өңірде жүр. Ал, өзі сапарын Алматы облысынан бастапты. Қара шаңырақ, әрі көшбасшы аймақ,- дейді. Елбасы өзгелерге өнеге еткенін айтты. Кездесу барысында Нұрлан Зайроллаұлы көп сауалдарына жауап берді. Бірі - дәрі-дәрмек бағасы, екіншісі- баспанаға байланысты. Дәрі бағасын заңдастырамыз. Елбасы ерекше тапсырды,- дейді. Ал, баспана жағынан алаңдамаңыздар, -деп қанаттандырды. Қазақстанда "Нұрлы жер" аясында алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасы жаңа үйлерге қоныстанбақ. Тұрғын үй құрылысында да Алматы облысы алда екенін айтып, қуанта кетті. 2016 жылы Жетісу жерінде 1 млн 200 шаршы метр баспана салынды. Алдағы жылы қағаздағы меже - 680 көрінеді. Амандық Баталов аман болсақ, нақтысында одан көөп асырамыз, -деп серпілтті. Мәжіліс төрағасы сенетінін танытты. Алматы облысы - қазір қай істе де авангард! Г.Мақұлжанова, Ж.Шынкенже, Н.Мұқанов, "Жетісу" телеарнасы.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.