Халықтың талабы ескерусіз қалмайды

ҚР-ның сенат депутаты Бірғаным Әйтімованың бастап келген сенаторлар Талдықорған қаласында да болып, жұртшылықпен жүздесті.

Қалалық әкімдікте өткен жиында Елбасының "Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру" мақаласынан туындайтын мақсат-иіндеттер сараланды. Бірғаным Әйтімованың айтуынша 21ші ғасырда әр қазақстандық компьютерлік технологияны сауатты пайдаланумен қоса, шет тілдерін де жақсы меңгеруі тиіс. Өйткені заман талабы сондай. Бұл үшін мемлекет толық қолдау көрсетіп отыр. Мәселен, осыдан, 4 жыл бұрын "мемлекеттік білім беруі жинақтау жүйесі" қабылданған болатын. Соған сәйкес, жан жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Сенат депутаты, бұдан бөлек, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласына да тоқталып, атқарылуы тиіс шаруаларды атап өтті.
¤
{БІРҒАНЫМ ӘЙТІМОВА - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ }
¤
Білім саласына қажетті мына шоттар ашу,  оған мемлекет қандай кепілдік береді, және пайдасы қандай соны түсіндіріп айттым. Соған кісілер зейін қойып, тыңдады. Екінші әлеуметтік саламызда зейнеткерлерге, бала тууға байланысты көмек, басқа да мәселелерге байланысты . Үшінші денсаулыққа байланысты дәрі-дәрмектті енді бір дестребютор арқылы ауруханалар сатып алады. Сол туралы айттық соны да қабылдап жатыр.

Астанадан келген халық қалаулылары облыс орталығындағы әлеуметтік нысандарды да аралады. Бірғаным Әйтімова әр мекеменің жұмысына жоғары баға берді. Әсіресе, келер ұрпаққа тәрбие беруде - оқушылар сарайында атқарлып жатқан жұмыстың маңызы зор екенін атап өтті. Айта кету керек, бұнда үш жарым мың бала 63 түрлі үйірмеге қатысады. Мекеме басшысының мәліметінше, жаңа оқу жылында үйірме саны тағы да артады.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.