Лаңкестікке қарсы дайындық күшеюде

 Біз лаңкестік әрекетке  жол бермеуіміз керек. Сондықтан  арнайы жасақтың қуатын анағұрлым арттыруға тиіспіз. Заречныйдағы оқу жаттығу орталығына келген  сенаторлар осылай деді. Жұмыс тобын бастап жүрген ҚР Парламенті сенатының депутаты сондай-ақ қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева күштік құрлымдардың дайындығын тексерді.

 Заречныйдағы 48 гектар аумақты алып жатқан бұл оқу-жаттығу орталығын өткен жылы 29 сәуірде Елбасының өзі келіп ашқан болатын. Мұнда замануи үлгідегі кез келген шеберлік сабақтарын өтукізуге бар мүмкіндік қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда жаңаша үлгідегі сауыт-сайманнан бастап қару-жарақ, оқ-дәрі, түрлі брондалған көліктермен хабарласу құралдары, иіс сезгіш иттерге дейін бәрі сақадай сай. Тіпті сарбаздар жаттығу барысында лазерлік және отты қаруларды да пайдалана алады.

 Бүгінгі бейбіт күнің басты қауіпі шекара таңдамайтын, адам талғамайтын Лаңкестерден келеді.  Сондықтан арнайы жасақ қызметінің ең басты сақтанар тұсы аса қауіпті қылмыстар болмақ. Биылғы 9 айдың ішінде 500 орынға арналған бұл орталықтан 15 мыңнан аса сарбаз шынығып, шеберліктерін шыңдап, тәжірбиесін арттырған.

 

АРМАН ӘУБӘКІРОВ   ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ  
Ең бір қоғамға қауып төндіретін қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл жерде күштік құрылымдар, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс минстірлігі, ішкі істер минстірлігінің және ұлттық ұланның арнайы жасақтары бар. /

Әрбір күштік құрлымдардан келетін сарбаздар мұнда 2 айдан 4 айға дейін күрделі жаттығулардан өтеді. Олар тауға өрмелеуден бастап, әуеде, жерде және суа еркін әрекет жасауға дағдаланады. Әскерилердің айтуынша мұндай жоғары санатты жаттығу обектілері әлемде үш ақ елде бар. Ол Америка, Иордания және біздің ел!

 ЖОМАРТ АТЫҒАЕВ   ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ 6654 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Полигонымыз ерекеше, Қазақстанда ең үлкен технологияларды қолданған. Бұл жерде мультимедиялық экрандар бар. Ол жақта лезерлік қарумен атуға болады,  Сондай-ақ жауынгерлік оқтармен де атуға болады. Біздегі кейбір обектілер дүние жүзінде үш ақ елде бар. Соның бүгін мүмкіндіктерін көрсеттік.

 Қауіпті қылмысқа қарсы тұрар арнайы жасақ  қимылының ширақ, жаттығуының шымыр, тәртібінің мығым екенін комитет төрайымы бастаған сенаторлар өз көздерімен көрді. Оң бағаларын берді.  

 ДАРХАН ҚАЛЕТАЕВ  ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Арнайы күштермен, сарбаздардың бәрін осы жерге үйлестіріп, Елбасының тапсырмасын орындап үлкен орталық жасап жатыр. Сенат депутаттары келіп әскери адамдардың жағдайын көріп байқап жатырмыз. көңіліміз толды.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.