Неміс аспаздарының шеберлік сағаты

Неміс аспаздары талдықорғандық рестораторларға тез әрі дәмді тағам әзірлеудің құпиясын бөлісіп, сапалы қызмет көрсетудің  жолдарын түсіндірді.  Бұл шара облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асып отыр.  Былтыр қолға алынған "Аға сеньорлар" жобасы аясында осы жолы Германиядан аспаздар шақыртылған. Олар өңіріміздегі бірнеше мейрамханаларда шеберлік сағатын өткізді. Иенс Бангновски мен Аннет Хинтце Еуропадағы атақты мейрамханаларда бас аспаз боп еңбек етеді. Тағам әзірлеудің қыр-сырын жақсы меңгергендігі сонша оларды кәрі құрылықтың ең танымал мейрамханалары арнайы ұсыныспен алдыртады екен.  Француз, неміс, италия асханаларының хас шеберлері енді қазақ аспаздарына білгендерін үйретті. Мамандар сонымен қатар тамақтану орнының жетекшілерін ресторан бизнесін табысты жүргізу, тағам даярлауда жаңа технологияларды қолдану мен енгізудің тәсілдеріне баулыды. Тіпті арнайы рецеппен ғана пісірілетін бірнеше тағам түрлеріннің жасалу жолдарын біздің аспаздарға ашық көрсетті.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.