Рухани жаңғыру - ұран емес, ұрпақ қамы...

14 июня 2017
(0 голосов)

"Қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламасы сөзбен емес, іспен орындалуы керек. Ол үшін Алматы облысында өңірлік комиссия құрылған. Құрамындағы алпыс адам алты бағытта жұмыс жасайды. Осы арқылы Елбасының "Болашаққа бағдар: рухни жаңғыру" атты мақаласында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру көзделген.  Әсіресе, "туған жер" бағдарламасына қатысты бірқатар жобалар қолға алынбақ. Бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында жоспарланған іс-шаралар айтылып, мақсат,міндеттер бекітілді.
"Туған жер" әніне бейнебаян
Туған жер - тұғырың,- дейді атам қазақ. Қадірін біреу білер, біреу білмес. Ал Президент айтады отансүйгіштік кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сондықтан Елбасы "туған жер" атты бағдарлама жасауды ұсынған. Мәні мында.

Мемлекет басшысының бастамасы жұртшылықтың жүрегіне жылы тигені рас. Туған жерге туын тікксі келетіндер үшін бұл бір жақсы орай. Ал бағдарламаны орындау үшін жергілікті билік шұғыл әрекетке көшті. Тіпті арнайы сарапшылық кеңес құрды. Жұмыс тобының хатшылық кеңсесі "журналистер үйіне" жайғасқан. Құрамында 16 ұйымының өкілдері бар.  

Сонымен қатар, бізде "Жетісудің әдебиет айдыны" атты ақын-жазушылардың кездесу, ауыл жастарының форумы, ардагерлермен жүздесулер өтеді. Оқушыларға туған жеріннің тарихы мен табиғатын танытуға байланысты жоспарлар өте көп.  Бағдарламаны іске асыруға  зиялы қауым өкілдері, жастар көп күш салуға тиіс.  Ал туған жерінің көркеюі үшін жетісулық кәсіпкерлер азаматтық танытуға дайын екен.

Кәсіпкерлердің қандай мәрттік жасайтынын уақыт көрсетер. Ал, алда "Қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламасын іске асырушы өңірлік комиссияның жұмысы қыза түседі. Алпыс адамнан құралған комиссия атқаратын жұмыстарын алты бағытқа бөліп алған. Жұмыс топтары латын әліпбиіне көшу, 100 жаңа оқулық, 100 жаңа есім сияқты жобаларды орындауға кіріседі. Жұмыстың нәтижесі Амандық Баталовтың тікелей бақылауында.

Бағдарламаны халыққа насихаттау бұқаралық ақпарат құралдарының бір міндеті. Жақсылықтың жаршысы "Жетісу" арнасы бұған сақадай-сай. Тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар, туристік нысандар тарихын таныстыру үшін түрлі деректі фильмдерді дайындамақ. Қысқасы, көрерменді "туған жерді" сүюге, қадірлеуге, дамуына үлес қосуға үндейді.  

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.