Рухани жаңғыруды жүзеге асыруда белсенділік керек

16 августа 2017
(0 голосов)

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бағытында әлі де болса белсенділік қажет. Бүгін аудан әкімдерімен өткен селекторлық кеңесте облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар осылай деді. Әрі мәдениет, білім, туризм басқармасы басшыларына қоғамдық сананы жаңғырту аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың нәтижелі болуын қадағалауды міндеттеді. 

Жалпы, қазір өңірде 60 адамнан құралған комиссия тобы жұмыс істейді.  Бүгінде рухани жаңғыру бойынша газетке 700-ден аса мақала жарияланып, телеарна арқылы 100-ге жуық сюжет көрермен назарына ұсынылған. Бұдан бөлек, 100-деген мәдени шара өткізілді. Сонымен қатар, жиында мәдениет басқармасының басшысы Ақан Әбдуалиев облыста зерттеуді қажет ететін тарихи мекендер көп екенін тілге тиек етті. Соның бірі - Кербұлақ ауданындағы Малайсары петроглифтері.

Қазір таңбалы тастарды сақтап қалу бағытында жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы орайда, Жақсылық Мұқашұлы аудан басшыларына тарихи мекендердің тізімін жасап, қорғауға алуды тапсырды.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.