Семей ядролық полигонының жабылғанына - 26 жыл

Бүгін халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Елбасы жарлығымен 1991 жылы еліміз ядролық қарудан бас тартқан болатын. Ал, дәл осыдан  26 жыл бұрын қазақ жерінде Семей ядролық полигоны жабылған еді.

Атаулы күнді  Талдықорған қаласының ардагерлері мен Семей ядролық қозғалысына қатысқан азаматтар ұмыт қалдырған жоқ. Облыстық "Семей полигоны" қоғамдық бірлестігі бастамасымен мәңгілік алау маңына жиналып, шағын митинг өткізді. Алапат жарылыс туралы айтылып,  зардабынан құрбан болған замандастарын еске алды. Рухтарына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Айта кетсек, Алматы облысынан Семей ядролық полигонына 156 азамат қатысқан. Жиын соңында солардың бірқатарына  алғыс хат пен құрмет грамоталары табыс етілді.
¤
БАРЫС ҚАУЫСОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
1941 жылдан бері 52 жыл Семейде 570-тен артық бомба жарылыпты. Осыдан қанша халқымыз зардап шегіп, осы күнге дейін балалар мүгедек болып туылып жатыр. Бүгінгі күн елдің, Елбасының арқасында, салиқалы саясат арқасында
біз осы күнге жеттік. Осы дәрежеге жетіп, тойлап, жыл сайын биыл 26 жылдық мерекемізді тойлап өтіп жатырмыз.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.