Шет елдерде

Бразилияның Эспириту-Санту штатында сары безгекке қарсы егу шарасы басталды. Елде соңғы 3 айда осы аурудан 127 тұрғын көз жұған. Індетті жұқтырған 370 бразилиялық ем қабылдап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше бұл соңғы 17 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жұқпалы кеселдің ірі қалаларға да таралу қаупі де жоқ емес. Сондықтан елге…
 ЮНИСЕФ қорының мәлімдеуінше , Нигерия, Оңтүстік Судан және Йемен елдерінде шамамен 1 миллион 400 мың бала аштан қырылуы мүмкін. Алдағы уақытта гуманитарлық көмек жеткізілмесе, 100 мыңға жуық тұрғын қылтамақ болады. Аймақтағы жағдайдың ушығуына үкімет жасағы мен оппозиция өкілдері арасындағы қақтығыс себеп болған. Экономикалық жағдайдың нашарлап кетуінің зардабын қарапайым халық тартып…
Австралияда 5 адам әуе апатынан қаза болды. Ұшақ Мельбурун қаласының аумағындағы сауда орталықтарының біріне таңертең құлаған. Абырой болғанда ғимарат ішінде ешкім болмаған. Марқұмдардың барлығы - әуе жолаушылары. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, «Бичкрафт» ұшағындағы саяхатшылар Кинг аралына гольф ойнауға кетіп…
Үндістан үкіметі мүйізтұмсықтар өміріне қауіп төндірген адамдарды ату туралы заң шығарды.Алайда жануарларды қорғауға қатысты бағдарлама жұрт көңілінен шықпай отыр. Елде осыған байланысты дау шығып, шешім күшіне енбеді. Мүйізтұмсықтардың тұмсықтарына қызыққан браконьерлер болса айласын асырып, жануарларды қыруын тоқтатар емес.
Францияда соңғы 10 айда өлімге әкеліп соққан екінші жол апаты болды. Қос оқиға бір жерде қайталанған. Және екеуінде де португалия азаматтары отырған. Швейцарияға қарай бағыт алған туристік автобуста 40 жолаушы болған. Оның 4-і қаза тауып, 20-сы жарақат алыпты. Дәрігерлердің хабарлауынша 3-нің жағдайы ауыр. Бұл тізімде 2 жастағы сәби де бар.…
Словения шетелдіктерге қатысты заңдағы түзетуді қабылдады. Ол құқық қорғау органдарына қажет болған жағдайда мемлекеттік шекараны уақытша жабуға мүмкіндік береді. Бұл жаңалық шегарадан заңсыз өтетіндерге қарсы тұру мақсатында енгізіліп отыр. Бұрын да дәл осы мақсатта билік металл іздегіштерді орнатып, шекара бақылауын күшейткен. Ал заңға енгізілген өзгертулер елдің ІІМ Весна Гьоркош Жнидардың…
Немістің Аугсбург қаласындағы 54 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Оған құрылыс жұмыстары кезінде табылған жарылғыш зат себеп. Белгілі болғандай, салмағы 1800 келілік бомба II-дүниежүзілік соғыстан қалған екен. Осы ретте ескі әрі аса қуатты оқты залалсыздандыру барысында одан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан барлық қала тұрғындарын қорғау туралы шешім қабылданды. Үкімет басшыларының айтуынша,…
Кореялық Future Technology компаниясы әлемдегі ең ауыр роботтың прототипін жасап шығарды. Ол ішінде отырған адамның іс-әрекеті арқылы басқарылады. Құрылғыны құру жұмыстарына белгілі 3Д суретші Виталий Булгаров қатысыпты. Жобаға жүктелген басты тапсырма өнеркәсіпте қолданылатын роботтық технологияны тәжірибеден өткізу. Құрылғының қай салада қолданылатыны әзірге белгісіз. Бұл ретте В.Булгаров жоба туралы құпияларды жария…
Страница 1 из 2

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.