Туристер мінген автобус апатқа ұшырады

11 января 2017
(0 голосов)

Францияда соңғы 10 айда өлімге әкеліп соққан екінші  жол апаты болды.  Қос оқиға   бір  жерде қайталанған. Және  екеуінде де   португалия азаматтары отырған. Швейцарияға қарай бағыт алған туристік автобуста  40 жолаушы болған. Оның 4-і қаза тауып, 20-сы жарақат алыпты. Дәрігерлердің хабарлауынша 3-нің жағдайы ауыр.  Бұл тізімде 2 жастағы сәби де бар. Жазатайым оқиғалардың жиі болуының кесірінен жергілікті тұрғындар бұл жерді  "Өлім тасжолы" деп те атап кеткен. Алдын ала деректер бойынша бұл жолы автобус жүргізушісі  көлік тізгініне ие бола алмаған. Бұған ауа-райының қолайсыздығы мен жолдың көктайғақ болуы себеп дейді ол. Айта кету керек, 2016 жылдың мамыр айында мұнда шағын автобус пен жүк көлігінің қақтығысуының салдарынан 12 адам қаза тапқан.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.