Тегін тіл үйрету курсы ашылды

Талдықорғандық мүмкіндігі шектеулі жандар он саусағынан өнер тамған нағыз шеберлер. Олар қолда бар заттардан әр түрлі бұйымдарды жасауды жетік меңгерген.  Қолөнер шеберлері өз білгенін енді жастарға үйретпек. Осы мақсатта  олар Талдықорғандағы сервис және технология колледжіне барып бірнеше жылғы тәжірбиесімен бөлісті.Шеберлік сағатын  Қалалық аймақтық жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры" ұйымдастырған.  Қор мүгедек жандарды еңбекпен қамту мақсатында жыл сайын 25 адамды қолөнерге баулиды. Соңғы 3 жылда 75 азамат оқудан  өткен. Бағдарламада киіз басу,  ұлттық нақыштағы дорба, қалта телефонын салатын қапшықтар мен күнделікті тұрмыста қолданатын бұйымдар жасау технологиясын меңгеру қамтылған.  Мамандардың айтуынша, қазір   қолдан жасалған бұйымдарға сұраныс көп. Сондықтан сапалы өнімге  тапсырыс жеткілікті.  Қоғамдық бірлестіктің ендігі  мақсаты - мүгедек жандардан бөлек, бұл жұмысқа икемі бар студенттерді  тарту болып отыр.

СВЕТЛАНА СӘДУАҚАСОВА
ТАЛДЫҚОРҒАН АЙМАҚТЫҚ "ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ" ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қолөнер шеберлігін мүгедек жандарға үйрету маңызды. Мәселен, бұл сал ауруына шалдыққан адамдардың ақыл ой түйсігін дамытуға мүмкіндік береді. Біз осы мақсатта Еңбекшіқазақ ауданы мен Талдықорған қаласында арнайы семинарлар ұйымдастырғанбыз. Бүгінде олар енді жастарға білгендерін үйретіп жатыр. Бұл кедергісіз келешек бағдарламасының жүзеге асырудағы бір қадам деп есептеймін.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.