Жетісуда

Киіз үйді ішіндегі дастарханымен Іле өзенінің бергі бетінен арғы бетке өткізген бақсыны естуіңіз бар ма? Ел аузындағы аңызға сенсек, бұл қасиетті қара қобызымен аты алты алашқа тараған -Түктібай бақсы. Ал Ұлы Жібек жолы бойындағы Қастек қалашығы, байырғы бекініс турасында кім не біледі? Тарихи тұлғаларды танытып, ел мен жер қасиетін ұғындыратын…
 Талдықорғанда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында рухани керуен жолға шықты. Зиялы қауым өкілдерінен құралған топ өңірді аралап, ауылдағы ағайын тынысымен танысады. Сондай-ақ өздері де Президент мақаласындағы бағыттарды түсіндіріп, түрлі мәдени және рухани маңызы бар кездесулер ұйымдастырады. Рухани керуен құрамына әр түрлі саладан 50-ге жуық маман кіріп…
Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатынан жүлдемен оралды. Тайландта еркін күрестен өткен құрлықтық бәсекеде жерлестеріміз 1 алтын 2 күміс және 3 қола медалды қоржынға салып қайтты. Осылайша Жалпы командалық есепте біздің елдің саңлақтары Иран, Үндістан спортшыларынан кейінгі 3ші орынға тұрақтады. Жүлдегерлер арасында жетісулық спортшылар да бар. Тайландтағы жарысқа Алматы облысының 3…
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруда саннан гөрі сапаға жұмыс істеуіміз керек. ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жайсан Ахметов осылай дейді. Мемлекеттік инспектор Талдықорғандағы «Рухани жаңғыру» сарапшылар кеңсесінде қонақта болды. Жас мамандармен кездесіп, атқарылып жатқан шаруалармен танысты. «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Ақпараттар толқыны» сынды бағыттардың орындалуы бойынша жастардың пікірін…
Сүйінші жаңалық. Катмандуда өткен жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан азия біріншілігінен отандастарымыз олжалы оралды. Оның ішінде қос бірдей жетісулық бар. Жеңіс тұғырынан жиі көрініп жүрген Текелі қаласының тумасы Анатолий Савельев бұл жолы да қарсылас шыдатпады. 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Савельев қос сайыс қорытындысы бойынша 280 келіні көтеріп, алтыннан алқа…
Талдықорғанда «Орбұлақ рейс» жарысы өтті. Еуропадағы «Спартан рейс» сайысына ұқсас шараға Алматы облысының аудан қалаларынан 22 команда келіп қатысты. Олар 14 түрлі кедергісі бар 3 шақырымдық жолды жүгіріп өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған бәсекеден Жарқын Нұрланұлы баяндайды.Жетісу жерінде экстрималды спорт жақсы дамып келеді. Әсіресе оған жастар құмар. Мәселен,…
Алматы облысындағы шипажайлардың саны тағы біреумен толықты. Ұйғыр ауданында ашылған жаңа сауықтыру кешені аумағының үлкендігімен ерекшеленеді. Яғни, 30 гектар жерге орналасқан мекеме күніне 200 адамды қабылдауға қауқарлы. Демалыс орыны әсіресе өкпе және жүрек аурулары бар азаматтар үшін таптырмас мекен. Шипажайдың басқа қандай артықшылықтары бар? Шипажай орналасқан ғимарат 30 жылдан бері…
Әлеуметтік желіні қалай қолдану керек? Ғаламтор көмегімен қоғамдық пікірді қалай қабыптастырады? Қатып қалған стереотиптерді бұзу тәсілі нешік? Неліктен интернет жүйесінде қазақ тілді мәліметтер аз? Осы және өзге де мәселелер өткен демалыс күні, айдынды Алакөлдің жағасында талқыланды. Әлеуметтік желіде белсенді болып жүрген саясаттанушы, блогер, журналистер "Blog Camp Алакөл" жазғы мектебінде бас…
Страница 1 из 17

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.