1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні

02 июня 2017
(0 голосов)

Халықаралық балаларды қорғау күні талдықорғандық бүлдіршіндер үшін биыл ерекше форматта өтті. Облыстың екі мыңнан астам жасөспірімдері музыкалық оркестр мен ансамблінің республикалық шеруінде салтанатты жүріп өтіп, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Жастар саябағында ата-аналар мен сәбилерге арнап дайындаған концерт те ұсынды.

Жылда тойланатын балалар мерекесі биыл ерекше атап өтілді. Жаздың алғашқы күнін талдықорғандық жеткіншектер ғана емес, бүкіл облыс орталықтары бір уақытта, дәл осылай мерекелік шерумен бастады. Қазақстанның барлық облыстарын қамтыған шараға 30 мыңға жуық бала қатысты. Қаланың оқушылар сарайынан бастау алған шеру Жастар саябағына дейін жалғасты.

Шеруге қатысқан екі мыңнан астам оқушы мен мектеп жасына дейінгі балалар -  оқушылар сарайының әр түрлі үйірмелер тобы, ментальды арифметика мектебі, Юнеско суретшілер клубы мен Нұрғиса Тілендиев атындағы музыкалық мектебінің оқушылары және барабаншылар тобынан құралды. Кейбірі -  қазіргі сәбилердің сүйіп көретін анимациялық фильм кейіпкерлері. Кішкентай болса да, біразы халықаралық конкурстардың лауреаттары. Бүгін олар көпшілік алдында мерекеге орай дайындаған өнерлерімен бөлісті.

АЙЫМ ДҮЗБАЕВА ОҚУШЫ Біз екі апта дайындалдық. Бәрі ойдағыдай өтті.

Бұл мереке 1950 жылдан бері тойланып келеді. Негізгі мақсат: балалардың құқығы, денсаулығы мен өмірін қорғау, жарқын болашақ сыйлау. Бұл орайда, қазақстандық бес миллион балаға да барлық қолдау көрсетіліп отыр. Бала туу көрсеткіші де артып келеді. Бір ғана Талдықорғанда соңғы төрт айда 1300 сәби дүние есігін ашқан. Мерекеге арнайы келген қала әкімі балаларды жан жақты қолдауға  басшылық тарапынан көрсетілетін көмектің тоқтамайтынын жеткізді.

Мерекелік шарада өзге де қала мектептері мен облыстың әр түрлі балалардан құралған өнер ұжымдары өнер көрсетті. Балабақша тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп көпшіліктің ықыласына бөленді. Әсіресе, бүгінгі күннің иелері - кішкентай балалар ерекше риза.

Мерекеге балаларын ертіп келген ата-аналар да дән риза.  

Бүгінгі мереке иелеріне концерттен өзге тағы бір тосын сый жасалды. Жастар саябағына жиналған барлық балаларға ұйымдастырушылар тегін балмұздақ таратып, мерекелерімен тағы да құттықтады.

Ербол Ілиясов Абзал Нүсіпов Жетісу арнасы

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.