168 отбасы баспаналы болды

05 июля 2017
(1 Голосовать)

Астана күні қарсаңында Талдықорғандық 168 отбасы ерекше қуанышқа бөленді. Облыс әкімі Амандық Баталов қол жетімді баспана бағдарламасы бойынша кезекте тұрған қала тұрғындарына салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.  

Талдықорған қаласының 6-шағын ауданында пайдалануға берілген мына коммуналдық тұрғын үй бүгін 170-ке жуық отбасының мерейін үстем қылды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлерден бастап, аз қамтылған отбасы мен жетімдер  және 1,2-топтағы мүгедектер де бар.

Бұдан өзге толық емес және көп балалы отбасылар да  әкім қолынан баспана кілтін алды.

Пәтер кілтін салтанатты түрде  табыстап болған соң, облыс басшысы бастаған ел ағалары қуанышпен  шатыққа толы жаңа шаңырақ иелеріне құтты болсын айтып, пәтерлерді аралап шықты.  

Жалпы, 2016 жылы облыс оратылығында 5 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Биылғы жылдың өзінде 8 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Мамандардың мәліметінше, жыл соңына дейін қаладағы 1000 отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр.  Ербол Ілиясов Айбек Ақшолақов Жетісу арнасы

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.