"Ақпарат саласының үздігі" атанды

04 июля 2017
(0 голосов)

Тілші де тілекші қызға көрсетілген құрмет. "Жетісу" арнасының журналисі Гүлжанат Мақұлжанова "Ақпарат саласының үздігі" атанды. Әріптесіміз байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Астанада өткен салтанатты шараға қатысып қайтты. Басқосуда ақпарат және комуникациялар министірі Дәурен Абаев жетісулық тілші бастаған бірқатар озат мамандарды марапаттады. Жалпы «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісі  еңбекте жоғары нәтижеге қол жеткізгендерге беріледі. Гүлжанат Мақұлжанова бұл атаққа әбден лайық. Оның тележурналистикада қызмет еткеніне 20  жылға жуықтады. Соның 15 жылын тек "Жетісу" телеарнасының өркендеуіне жұмсады. Осы уақыт аралығында көптеген тележобаларды жарыққа шығарып, бірнеше авторлық бағдарламаның тізгінін ұстады. Олардың ішінде "тікелей эфирде", "көңіл ашар" хабарлары елдің ерекше ықыласына бөленді. Гүлжанат Ахметқызы жексенбі сайын  көрерменге жетісу жерінің жетістігі мен маңызды оқиғаларын жеткізеді. 15 жылға жуық ақпараттық-сараптамалық шолу "Апта" бағдарламасының жүргізуші-редакторы болды. Қазір де осы басты жаңалықтар топтамасын дайындап көпшілік назарына ұсынады.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.