Қаратал арнасын тазарту жұмыстары қолға алынды

03 апреля 2017
(0 голосов)

Балқаш көлінің суы тартылып барады деген қауіп бар. Осыған байланысты, экологтар дабыл қағып отыр. Естеріңізге сала кетсек, Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері құяды. Судың азаюына осы өзендердің ластануы себеп - дейді, сала мамандары. Облыс әкімі Амандық Баталов бұл мәселені ескеріп, Қаратал өзенің бойына тазарту жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Қазір табиғатты қорғау мекеме қызметкерлері көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл Талдықорған мен Үштөбе қаласы жолының 13-ші шақырымы. Мұнда Қаратал өзені жайылып, автожолға жақындағаны байқалады. Ара қашықтығы 5 метр. Оған көктем кезіндегі су деңгейінің көтерілуі себеп. Егер де өзен арнасын басқа бағытқа бұрмаса, бұл қатынас жолын шайып кетуі әбден мүмкін.

Осы мәселеге табиғат сақшылары бей-жай қарай алмады. Олардың айтуынша, Қаратал өзені арнасын өзгертсе, Балқаш көліне жетпей қалады.  Жалпы, республикада аумағы бойынша  бойынша 3-ші орын алатын көлге Қаратап өзені жылына 10 текше метр су құюы тиіс. Алайда мамандар, соңғы үш жылда бұл көрсеткіштің біршама төмендегенін айтады. Оған халықтың табиғатты ластауы себеп. Мәселен, қазір су жағасы шашылған қоқыстан көрінбейді. Бұл  тұрғындар үшін де  аса қауіпті.   


 Қаратал өзенінің ұзындығы 390 шақырым. Оның 230-ы Талдықорған мен Көпбірлік ауылынан өтеді. Өзен арнасын тазарту жұмыстары 2005  жылдан бері қолға алынған.12 жылда Балқаш көліне құятын Қаратал мен Іле өзенінің 641 шықырым  өзен аңғары тазаланды. Бүгінге дейін 20 жоба іске асып,  оң нәтиже берген.  

НҰРЛАН ШАЯХМЕТОВ
ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Осындай тазарту жұмыстары арқасында Балқаш көлінің 2 су жүйесі жақсарғанын байқаймыз. Флора мен фаунаға және суармалы егістікке қолайлы жағдай жасалды. Аумағы 15 гектар алқап суармалы жер ашылды.  

Облыс әкімі Амандық Баталовтың басшылығымен өңірімізде Балқаш көліне төніп тұрған экологиялық қауіптің алдын алу жұмысы қарқынды. Соңғы үш жылда жауапты мекемелер тартылып, Қаратал өзенінің 27 шақырымы тазаланған.  Жыл сайын облыс бюджетінен бөлінетін қаражатта  артып келеді. Биылдың өзінде 50 млн теңге қарастырылып, 4 сметалық жоба іске асыру жоспарланған.  

ҚАНАТ ДӘУРЕНБЕКОВ
ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өзен арналарын тазалау жұмыстары жалғасады. 1-ші жарты жылда біз облыстық мәслихаттан 500 млн теңге қаржы сұрастырып, 4 жобаны іске асыратын боламыз. Оның 3-уі Балқаш ауданындағы Іле өзеніне тиесілі. Тағы 1-уі Қаратал өзеніне жоспарланған. 180 шақырымды тазалайтын болсақ, жұмысқа 2 млрд теңгеден аса қаражат қажет.   

Биыл Қаратал өзеннің арнасын тазарту жұмыстары наурыз айында басталды. 7 техника жұмылдырылған. Қараша айына дейінгі меже 12 шықырым болып отыр. Сәуірде жұмыс тоқтайды. Өйткені, бұл балықтар көбейтін шақ. Дегенмен, уақытынан ерте аяқтаймыз - дейді, мамандар.


М. Берікқызы, Мәди Байбосынов, ЖТ

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.