Ардагер спортшы жүлделі оралды

14 июня 2017
(0 голосов)

Жуырда  Қырғызстанның Бостере қаласында Армрестлингтен Азия чемпионаты өтті. Оған 20-дан астам мемлекет қатысты. Осы сайыста Қазақсандық спортшылар сәтті өнер көрсетті. Бұл қатарда Алматы облысының тумасы Әбдуәли Тастанов та бар. Жерлесіміз ардагерлер арасында 75 келі салмақта оң және сол қол бойынша  жарысқа түсіп, қос қола медалді олжалап қайтты. Осыған дейін Азияның 6 мәрте чемпионы атанған Әбдуәли Тастановқа бұл жолы дайындық кезіндегі алған жарақаты кері әсерін берген.  Дегенмен, биылғы қола алтынға бергісіз дейді қол күрес шебері. Оның ендігі мақсаты қыркүйек айының басында Венгрияның Будапешт қаласында жалауын желбірететін әлем чемпионатында топ жару. Осыдан 5 жыл бұрын Әбдуәли Тастанов дүниежүзілік сайыста күміспен күптелген болатын. Алтынның да ауылы алыс емес дейді қолкүрес шебері.


ӘБДУӘЛИ ТАСТАНОВ АРМРЕСТЛИНГТЕН АЗИЯНЫҢ 6 МӘРТЕ ЧЕМПИОНЫ
Аузымда берік.  12 күн өткен соң, жарыс болатын күні аузымды 1 күнге ашқам.  Дегенмен тез қалпыма келе алмадым. Оның үстіне алда Венгрияда әлем чемпионаты келе жатыр. Аса жанымды да қинағаным жоқ. Бірақ құр қол емеспіз. Қоламен келдік. Қола дегенде алтыннанда жоғары. Менің салмағымда алтын медал  өзімідің Қазақстанға келді. Алматының азматына келді.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.