Атқарылған жұмыс пен алдағы мақсат-міндеттер талқыланды

09 декабря 2016
(0 голосов)

Аудандардың 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен  алдағы жылдың мақсат-міндеттері. Осы ретте, облыс әкімі Амандық Баталов Кербұлақ, Көксу, Балқаш, Ескелді аудандары әкімдерінің есебін тыңдады. Түйіткілді мәселелер талқыланып, шешу жолдары сараланды.

Балқаш ауданында ауылшаруашылық өнімі 16 млрд теңгеден асқан. Биыл 13 мыңға жуық тонна ет өндірілді. Асыл тұқымды мал өсірумен 4 ірі шаруашылық айналысады. Мұнымен қоса, ұсақ шаруашылықтар біріктіріліп, 3 кооператив құрылған. Ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 млрд 89 млн теңгеге жетіп отыр. Әр сала бойынша ілгерілеушілік бар. Дегенмен, шешілмей тұрған мәселелер де бар. Мәселен, Ақдала ауылындағы бос тұрған спорт кешені жөндеуді қажет етеді. Ауылшаруашылық техникалары да біршама ескірген. Аудан әкімі облыс басшысына осы секілді бірнеше мәселеге көмектесуін сұрады.

8 мың 325 гектарға күріш егіп тұрмыз. 6 мың 740 гектарға зерновой культура егіп тұрмыз, 1640 дәні-дақылдар жүгері егіп тұрмыз. 670 ке картоп, 10 мың 93 гектар көпжылдық шөптер. Жылдағы мал азығын осы салады орындап жүрміз. Ал, ирригационный сетьңе қанша ақша бөлінді? Ирригационный сетьқа биылғы жылға 7 мың 41 гектарға қазір құжаттар дайындап жатырмыз. 20 мың гектардың ТОО сын жасап жатырмыз. Ал, 7 мың гектардың ГОС акті, тех  паспорт және жеке меншік шаруалардағы өздерінің ұсынысыменен коммунальный балансқа құжаттар дайындап бітіп қалдық.

Кербұлақ ауданында  биыл өнеркәсіп саласында 1 жарым млрд теңгенің өнімі өндірілген. Алайда, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 45,2 пайызға төмен. Сондықтан, осыған баса назар аудару керек, - деді, облыс әкімі. Жалпы, ауданның келер жылға жоспары ауқымды. Қуаты 50 МВт күн сәулесі электр станциясын салу қарастырылған. Ол үшін 146 гектар жер берілген. Сонымен қатар, цельюлоза және қағаз өндірісін жолға қою мақсатында техникалық кендір қурай егілмек. Инвесторлар тарту мақсатында келссөздер де жүргізіліп жатыр. Аудан басшысының айтуынша, шешілуі тиіс ендігі мәселе ауданда ішкі жолдарды жөндеу жағы. Мысалға, құрлысы осыдан 4 жыл басталған Сарбұлақ ауылына кірме жол толық бітпеген. 14 шақырымына асфальт төселіп, қалғаны сол күйінде жатыр.  Шұбар, Қоғалы, Алтын Емелге дейінгі 45 шақырым жол да жөндеуді қажет етеді. Мұнымен қоса, елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету жайы да сөз етілді.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 Бизнесмендермен жұмыс істеу керек. Өнеркәсіп алаңдарын салыңдар. Ауданға инвесторлар табу керек. Кербұлақтан Арқарлыға дейін кең алқап жатыр. Қара шоқыдан Аралтөбеге дейін әдемі жерлер бар. Бұның барлығы туризм. Осыны дұрыс пайдалану керек.

Өнеркәсіп саласында Ескелді ауданында да бірқатар жұмыстар атқарылған. Қарабұлақтағы қант зауытына бүгінде 330 млн теңгенің үстінде инвестиция тартылып, жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы жылдың екінші тоқсанында іске қосылмақ. Өңірде қазір басты проблема балабақша мәселесі. Мәселен, бір ғана Қарабұлақта 800-дей бала кезекте тұр. Сол себепті, мұнда 320 орындық бөбекжай салу керек. Ал, Алдабергенов ауылындағы Байысов атындағы орта мектеп мен аудан орталығындағы стадион күрделі жөндеуді қажет етеді. Аймақта осындай ескірген нысандар көп. Сондықтан, аудан басшылары Амандық Ғаббасұлына осыны ескеруін сұрады. Бұл ретте, облыс әкімі ауданның 2017 жылға арналған бағдарламасын қайта қарастыруды тапсырды.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Я даю вам задание... Сендерге тапсырма беремін. Ескелді ауданының әр сала бойынша жеке бағдарламасын жасаңыздар. Барлығын тағы бір қарап шығыңыздар. Ауданның бюджетін де қайтадан есептеу керек. Балабақша, мәдениет үйі, спорт залы, акимат күрделі жөндеуден өту керек дедік. Оның да қаржысын есептеу керек.

Көксу ауданында орта және шағын бизнес саласы өркендеп келеді. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 11 жоба мақұлданған. Биыл 1297 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Қант зауыты да жұмыс қарқынын арттырды. Алдағы жылы зауыттың өндіріс көлемін ұлғайту көзделіп отыр.  Сонымен қатар, 4 кәсіпорын іске қосылады. Аудан жұмысына көңілі толған әкім аймақ экономикасын өркендету мақсатында бірқатар тапсырма берді.

 АМАНДЫҚ БАТАЛОВ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 Орталық көшелерді ретке келтіру керек. Барлық нысандардың орналасу реті заң талаптары негізінде болуы тиіс. Абаттандыру жұмыстарына назар аударыңыздар. Ел үшін маңызды жобалар іске асса игі.

Жалпы, Көксу ауданында әлі де атқарылар шаруа аз емес. Мәселен, Айнабұлақ ауылдық округінің 4 елді мекені темір жол маңында орналасқан. Тұрғындарды жарықпен "Қазақстан Темір жолы"  компаниясы қамтамасыз етеді. Алайда, электр желілері әбден тозып, жиі жарық сөніп қалады. Осыған назар аударылса, - деді , аудан басшысы. Сонымен қатар, ол Қызылтоған ауылында 120 орындық мектептің жобалау-сметалық құжаттарын дайындау үшін қаражат сұрады. Мұнымен қоса, Амангелді ауылындағы мәдениет үйін, Айнабұлақ ауылы мен Көксу станцасындағы амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттарды дайындау қажет екенін алға тартты. Облыс әкімі бұл мәселелерді жан-жақты қарастырып, кезең кезеңімен шешілуіне көмектесетін болды.

Айман Асыл Жасұлан Шынкенже Жетісу телеарнасы

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.