Балғын дзюдошылар бәсекесі өтті

07 апреля 2017
(0 голосов)

Панфилов ауданы Алтыүй ауылында дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Оған Жетісу өңірінің барлық аймағынан 200-ден астам балуан қатысты. Бұл жарыстың маңызы жоғары. Үздік атанған спортшылар жаз айларында болатын облыстық және республикалық чемпионаттарда өнер көрсетеді.   

Облыстық турнир Ленин орденінің екі мәрте иегері Ыбрайымжан Қожахметовті еске алуға арналып отыр. Ол осы елдімекеннің басшысы болып тұрғанда ауыл экономикасын дамытып қана қоймай, спортқа да үлкен көңіл бөлген. Соның арқасында облыс орталықтарында ғана кездесетін мынадай зәулім спорт ғимараты бой көтерді.

РАХИЛӘ ҚОЖАХМЕТОВА Ы.ҚОЖАХМЕТОВТЫҢ ҚЫЗЫ}
Өз кезегінде бұл ғимарат облыс көлемінде жалғыз болған. Бұның өзінде екі бассейіні бар, екі залы бар. Жастарды спортқа тәрбиелеуде ерен еңбек сіңіретін бір ғимарат болды. Әкеміздің жолын жалғастырып, сол кісінің артында қалған балалары балаларды спортқа тәриелеуде үлесімізді қосқымыз келеді.

200-ден аса спортшы жас ерекшелігі негізінде 2 топта, 15 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларын анықтады. Татамида барын салды. Мамандардың айтуынша, олардың арасында болашағынан зор үміт күттіретін спортшылар да жетерлік. Жарыс Рио Олимпиадасынан кейін өзгерген ережеге сәйкес өтті. Сонымен қатар, сайыскерлер тым жас болғандықтан ауырту әдісі де алынып тасталған.

{ҚЫРҒЫЗБАЙ НҰРСАҒАТОВ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ПАНФИЛОВ АУДАНЫ КҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ}
Бұл аудан көлемінде 350 дей дзюжо, самбо, қазақ күресімен балалар айналысады.  Жарыстар арқылы көріп, іріктеп алып, соларды әрі қарай жағары жетістіктерге қарай сүйреймыз.Қазір жарыстарды қарап, арада келе жатқан балаларды  нақты көріп отырмыз. Тұрғанбек Жанболат, Рахметұлы Олжас, Тұрлықожа Диас, сол сияқты балаларымыз шығып келе жатыр.   

Соңғы жылдары бұл өңірден мықты дзюдошылар шығып жатыр. Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүргендер де бар. Алдыңғы толқын ағалардың жетістігіне қарап, бой түзеген мына балғын спортшылар командалық есепте бас жүлдеден үмітті болды.

ЖАНБОЛАТ ТҰРҒАНБЕК  ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР
Осы жаркент өңірінен көптеген балуандар шығып жатыр. Соны атап өтетін болсақ Қашқын Жанар балуан қызымыз көптеген шет елдегі жарыстарда жүлделі орынға ие болған.Сол балуан қызымыздың артынан бізде өсіп,  көптеген облыстық, республикалық жарыстарда жүлдегер атанып жүрміз.  

Осы жарыста Панфилов, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорған қаласының спортшылары үздік нәтиже көрсетті. Ұйымдастырушылар бұл турнирді болашақта республикалық деңгейге өткізуді жоспартап отыр.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.