Баршаға оңтайлы бағдарлама

05 июля 2017
(0 голосов)

Алматы облысында баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру  жобасы жүйелі жолға қойылған.  Осы бағдарламамен білім алған 98 білімгер бүгін  диплом алды. Өңірде кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі - Көксу ауылшаруашылық колледжі. Биыл осы бағдарламасы аясында 60 адам оқуын аяқтап отыр.  Мемлекеттік бағдарлама аясында маман атанған алғашқы түлектерді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы барып  құттықтады. Дипломдарын  табыс етіп, әрқайсысына сәттілік тіледі.  Оқуын аяқтағандардың барлығы да еңбек нарығында аса  қажет мамандық иелері. Тракторшы, механизатор, электриктер алдағы уақытта  өңіріміздің 43 білім беру мекемесіне жұмысқа орналасатын болады.  Жалпы, биыл 7 мыңға жуық жасты жұмыспен қамтып, кәсіптік білім беру жоспарланған. Қазір 3775 і арнайы оқу орындарында білім алып жатыр. Ол үшін мемлекеттен 1 млрд 300 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Кейбір студенттермен араласа жүріп, осы бағдарламаның бар екенін біліп, осы механизатор мамандығын оқыдым. Мен оған өте ризамын. Басқа балаларды осы оқуға шақырамын. Біріншіден, механизатор мамандығын оқып, бітіріп, куәлік алдым. Екіншіден, мен жұмыспен қамтамасыздандым.

АХМЕТ ЖЫЛҚЫШЫНОВ - КӘСІПКЕР
Жұмыспен қамту арқылы 6 адамды жұмысқа алып отырмын. Қысқа мерзімде оқу бітіріп, бар жағдайды жасап отыр. Жалақысын өкімет төлеп береді. 18-20 мыңдай. Оның үстіне 40-50 мен төлеймін. Сонда айына 70 мыңдай алып отырады.  

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.