Баскетболдан облыс чемпионаты өз мәресіне жетті

22 ноября 2016
(1 Голосовать)

Баскетболдан ерлер мен әйелдер командалары арасында Алматы облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Өңір біріншілігінің жүлдегерлері сенбі күні Талдықорған қаласында өткен соңғы турда анықталды. Нәтижесінде, бас бәйгені облыс орталығының баскетбол ұжымдары жеңіп алды.

Баскетболдан өткен Алматы облысының біріншілігі 8 турдан тұрды. Онда өңіріміздің әр аудан-қаласынан келген командалар өзара күш сынасты. Яғни, ерлер 16, ал, қыздар 14 ұжым арасында ең мықтыны анықтады. Соңғы кезең Талдықорғанда өтіп, баскетболшылар бәсекесінің биылғы маусымы аяқталды.  

АЛМАТ ҮШКЕМПІРОВ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТАРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Қатысушылардың дені 18- жастан жоғары. Өйткені жасөспірімдер арасындағы чемпионат бұдан басқа жүйемен өткізіледі. Ол жарыста да 1 орын алған құрамалар респубилкалық жарыстарға қатысуда.

Соңғы тур тартысты өтті.  Өйткені, осы сайыста жүлдегер атанған командалар ішінен облыс құрамасын жасақтайтын ойыншылар іріктеледі. Сайысқа қатысқан  ұжымдардың көпшілігі 18-19 жастағы өрендермен толыққан. Барлығы болашағынан мол үміт күттіретін спортшылар.

ІЛИЯС ШӘКІР ТАЛДЫҚОРҒАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ
Негізі баскетболға қатысқаныма 4 жылдан асты. Осы жылдарда жеткен жетістіктерім аз емес. Баскетбол соңғы 2 жылда дамып келеді. мақсаттарым үлкен клубтарға түсу. БК Қапшағай клубтары бар. Атырау бар. Сонда ойнағым келеді.

Осы жарыста ерлер және қыздар арасында да талдықорғандық баскетболшылар бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды Қапшағайлықтар  иеленсе, үздік үштікті Ескелді ауданының ойыншылары түйіндеді.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.