Еңбекпен қамту және жекешелендіру мәселесі талқыланды. Амандық Баталов

11 апреля 2017
(0 голосов)

Биыл елімізде 640 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын барлық облыстар уақытылы жүзеге асыруы тиіс. Бүгін осы мәселе Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен секлекторлық кеңесте талқыланды. Жалпы, бағдарлама 3 бағыттан тұрады. Біріншісі - қажетті мамандықтарға тегін оқыту. Яғни, 45 жасқа дейінгі жұмыссыз ел азаматтары қайтар даярлау курсынан өтеді. Екіншісі, кәсіпкерлікті дамытуға негізделген. 7 жылға 6 пайыздық мөлшерлемемен 18 млн теңгеге дейін несие беру қарастырылып отыр. Ал, үшінші бағыт - әлеуметтік қолдау. Бұл ретте, жыл басынан 72 мың қазақстандық жұмыспен қамтылған. Кеңесте айтылғанындай, өңірлер арасындағы еңбек ресурстарының қозғалысына ерекше көңіл бөлінбек. Нақтырақ айтқанда, бос орындар бойынша қажетті кадрларды өзге облыстарға жіберу көзделген. Сонымен қатар, күн тәртібінде жекешелендіруге жататын нысандардың кешенді жоспары да сараланды. Биыл бәсекелі ортаға 280 ұйым, келесі жылы - 84 мекеме шығарылады. Солардың 47-сі Алматы облысына тиесілі.   

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

2017 жылы бізде 45, ал, келесі жылы 2 нысан жекешелендіріледі.  Сонымен қатар, жекешелендірудің 2-ші кезеңі бойынша, "Жетісу" әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясының бірнеше нысанын бәсекелі ортаға шығару жоспарланған. Бүгінге оның біреуі сатып үлгердік. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар бізде жүйелі түрде жүргізіледі. Және өз уақытымен атқарылады деп сендіргім келеді.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.