Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

02 декабря 2016
(3 голосов)

 Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі беделінің артуы - Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Ұлт Көшбасшысы Мемлекет дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Бүгінде еліміз қарыштап дамып келеді. Сондықтан, Елбасы қандайда құрметке болсын, лайық, - дейді, алакөлдіктер. Бүгін, аудан орталығы Үшарал қаласында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін. сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын өтті.

 Тұңғыш Президентке деген алакөлдіктердің сүйіспеншілігі ерекше. Еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістігін Елбасының қажырлы еңбегі мен халық бірлінің арқасы деп біледі. Сондықтан, салтанатты шара Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өнегелі өмірі мен ерен еңбегі туралы түсірілген деректі фильммен басталды. Артынша, халық алдында сөз алған Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев барша жиылған қауымды мемлекеттік мейраммен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызына жан-жақты тоқталды.
 Бүгінгі салтанатты жиында Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткен байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Бұл қатарда «Тіл - Тәуелсіздік тірегі» атты жас ақындар мүшәйрасы мен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында шығарма жазу және сурет салу байқауларының жүлдегерлері бар. Оларға аудан басшысы арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

 Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Сахнада патриоттық әндер шырқалып, билер биленді. Осылайша, жиылған жұртшылық мерекелік шарадан үлкен әсер алып, көңіл дариясында шалқып тарқасты.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.