Газ тарту жұмысы жүріп жатыр

08 июня 2017
(0 голосов)

 Бүгінге дейін Талдықорғанның 20 көшесіне табиғи газ тартылды. Ондағы  2000-ға жуық тұрғын үй мен 2000 пәтерге көгілдір отын жеткізілген.  Бұл жұмыстар алдағы уақытта қай көшелерде жүргізіледі?

Бұл Қаратал ауданындағы Панфилов көшесі.   Николай Биллер -  83-ші үйдің тұрғыны. Ол көршілерінен көгілдір отын келетінін естіп, қостыруға өтініш беріпті. Айтуынша, бар болғаны 2-3 сағаттың ішінде мамандар  газ құбырын тарып,  пешін орнатқан.

НИКОЛАЙ БИЛЛЕР
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
  Жұмыстары жылдам. Жарты күннің ішінде құбырларды тартып берді. 120 мың теңгеге қостырдым. Менің ойымша, табиғи газ талдықорғандықтар үшін тиімді. Қыста көмір тасып, отын жарып әуреге түспейміз.

Талдықорғанды көгілдір отынмен қамту 4 кезең бойынша жүргізіледі. Қазір алғашқысы жүзеге асып жатыр. Яғни 88 шақырымға газ құбырлары тартылды. Бұл  4 мың абоненттің  табиғи газға қосылуына мүмкіндік береді. Онымен      "КАзТрансГазАймақ" компаниясы айналысады. Бүгінге дейін олар 58 тұрғын үйге  газ тартуға дайын екенін жеткізді.
 
 Талдықорған қаласын толықтай  көгілдір отынмен қамту  2018 жылы толық аяқталады.   Биыл 4000 абонентке  газ беру жоспарланған. Ал, шілденің аяғына дейін 300-ге жуық  адам от жағу машақатынан құтылады.  
М. Берікқызы, Ғабит Қабдрахман, ЖТ

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.