Көшет егу маусымы басталды. Амандық Баталов

12 апреля 2017
(1 Голосовать)

Облыс орталығында бүгін бір мезетте 4 жарым мың түпке жуық ағаш отырғызылды. Талдықорғанды жасыл желекті қалаға айналдыру бағытындағы игі шарадан ешкім қалыс қалған жоқ. Еңбек сүйгіш жұртты облыс әкімінің өзі бастап шықты. Осылайша "Талдықорған- бақ қала" акциясына атсалысқан қауымның күшімен шаһардың біраз аумағы жасыл желекке оранып шыға келді.

Соңғы кездері  Талдықорғанда тиген жеріңді темірдей қарып алатын суық желінің екпіні қайтты. Айналшақтап соғатын желді жүгендей бастаған әрине жасыл желек. Көп күшімен, көптеп егілген көшеттер Талдықорғанды тіптен түрлендіре түскені рас.  

Әуежайдан қалаға беттеген тұста "Көктем" саябағы бар. Бұрындары шаңы шығып жататын аумақ қазір демалушылар үшін таптырмас мекенге айналған. Алдағы жылдары тіптен көркейе түспек. 700 адам жұмыла күш шығарып 350 түп көшет екті. Облыс әкімі Амандық Баталов та қызу еңбекке араласты. "Бір тал кессең, он тал ек" деген.  "Көктемді" көркейтудегі бастамада белсенді топ әрине жастар.     

Қаратал өзені жағалауына да 30 түп ағаш егілді. Жаз шыға адам қарасы үзілмейтін,  алыстан қонақ келсе ұялмай көрсеретін аумақ бұл. Дәрігерлер де акцияға үн қосып ах халаттарын бір сәтке шешті. Көпсалалы аурухана маңындағы шағын саябаққа медицина саласының қызметкерлері 350 тал ағаш отырғызды.

Былтыр қалада 5 мың түп ағаш егілген. Еткен еңбек зая кетпеді, көшеттердің 80 пайызға жуығы  тамырланып, көгеріп көктеп кеткен. Биылғы жоспар 6 мың түп отырғызу.  Көбі емен, төгіле өсетін қарағаш, шаған, қараған сияқты ағаштар. Шырша, қарағай самырсын сияқты қылқан жапырақты ағаштардың да саны арта түспек.

Ағаш егу арқылы ауаны тазарту да мақсат тұтылған. Ғылыми тұрғыдан айтсақ ағаштар мен бұталардың жапырақтарына шаң бөлшектерінің 72 пайызы мен күкірттің қос тотығының 60 пайызына дейінгі мөлшері қонады. Қала сая­бақ­тарында, бау-бақшаларда шаң-тозаң ашық көшелер мен алаңдарға қарағанда ондаған есе төмен болады екен.

Ағаш отырғызу шарсы қаланың әр бөлігінде өтті. Игі іске қатысушылар тек қуаншыты екендерін жеткізді. Себебі, әр бірі өздері отырғызған ағаштың жайқалып өсуін көргісі келеді. Облыс әкімі осы күні жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді. Драма театр, Салтанат сарайы, көрме кешеніндегі жұмыс жағдайымен танысты. Жауапты тұлғаларға болашақта нысан айналасын көгалдындыру жоспарын жақсылап ойластыруды тапсырды.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.