Кадрлық ауыс-түйіс

11 апреля 2017
(0 голосов)

Кадрлық ауыс-түйіс. Алматы облыс әкімінің өкімімен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы болып Башбаев Айдар Карбозұлы  тағайындалды.  Ал, осыған дейін бұл қызметті атқарған Ахметбек Кендірбекұлы облыстық Жетісу телеарнасы директорының  кеңесшісі болды.  Бүгін  облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Тіл сарайы қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырды.  Айдар Қарбозұлы 1972 жылы туған. Ол  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.  Онда тарих пәнінің мұғалімі,  экономика және бизнес мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде мұғалім  болып бастаған. Кейіннен  Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман,  облыс әкімі баспасөз қызметінің бас маманы ретінде еңбек етті.  Ал, 2008 жылдың қараша айынан бері  Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі - облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. 

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.