Ұлағатты ұстаздар - құрметке бөленді.

10 октября 2017
(0 голосов)

Бүгін мұғалімдер қауымын кәсіби мерекемен облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар да құттықтады. Сый-құрмет көрсетіп, сала үздіктерін марапаттады.  Еңбегі еленгендер қатарында ардагер ұстаздар да бар. Саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, әлі күнге дейін қатарда жүрген педагогтарға Жақсылық Мұқашұлы үлкен алғыс білдірді. Бұл күні айтылған жылы лебіздер мен көрсетілген құрмет - мереке иелерінің мерейін өсірді. Мейрамының шырайын енгізді, - дейді ұстаздар. Салтанатты жиын барысында дәстүрлі "Жыл мұғалімі" байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табыс етілді.

Әкім орынбасары ел болашағын тәрбиелеп, мемлекет дамуына қосқан ұстаздардың үлесі зор екенін алға тартты. Ендігіде қарқынға қарқын қосып, білім саласына жаңашылдықтар енгізу қажеттігі тұр. Ол үшін облыста бар жағдай жасалған. Тек ізденіс пен тың идеялар қажет, - деді. Ең бастысы - әрбір мұғалім "Ұстаз" деген абыройлы атқа лайық болуы тиіс.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.