Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі

11 июля 2017
(0 голосов)

Алматы облысында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті. Оған  13 аудан мен 3 қаладан 50-ге жуық жоба ұсынылған. Шараға Алматы облыстық ішкі саясат басқамасы ұйытқы болып отыр.  

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі ең маңызды, қоғамға қажетті жобаларды ұсынды. Негізгі мақсат тігін ісінің, киіз басудың, музыкалық аспаптарда ойнау мен  шахмат ойындарының қыр-сырын үйрету.  Сондай-ақ, жоба сал ауруына  шалдыққан балаларға көмектесуі мен  мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық өмірге араластыруға, оларға арналған сауықтыру курстарын өткізуге бағытталған. Аталған жобалардың барлығы ертеңнен бастап іске қосылады. Үкіметтік емес ұйымдарға мұндай үлкен мүмкіндіктерді облыстық әкімшіліктің тікелей қолдауымен құрылған консалтинг орталығы ұсынып отыр. Аталмыш әлеуметтік идеялар мен жобалардың іске асуына 4,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

РУСТАМ АЛПЫСБАЕВ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл шараның жалпы мақсаты ҮЕҰ секторының белсенділігін ұлғайту. Олардық азаматтық көзқарасының қалыптасуына және мемлекет аралық көпірдің қалыптасуына үлесін тигізеді деген сенімдеміз. Әсіресе ҮЕҰ ішінде бұл азаматтардың орны ерекше

Байқау сәуір айында жарияланған еді. Оған 29 үкіметтік емес ұйым 43 жобасымен қатысуға ниет білдірген. Комиссия мүшелері 15 жеңімпазды іріктеп алды. Оның 5-уіне 500 мың теңге, қалғанына 200 мың теңгеден берілді. Қаражат көлемі қомақты болмаса да, көптеген әлеуеметтік мәселелерді шешуге болады - дейді, мамандар.   

НӘЙЛӘ  ҮМБЕТОВА - "КӘУСАР" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
 Біз проект жазғанда әсіресе балаларымыздың, әсіресе көп семялардан шыққан балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, жетім балаларды шахматқа беймдеп, осы проектіні осы орайға сәйкес етіп жазған едік, жеңіске жеттік.

Шара соңында байқау жеңімпаздарына құрмет көрсетіліп, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері басқосты. Олар  Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте  өз жоспарларымен бөлісті. Атқаратын жұмыстарын баяндады.

Аяулым Сансызбаева, Лаура Байбатчанова, ЖА

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.